Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет80/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

 
3.2. 
Автоматтандырылған ақпараттық 
жүйені жобалау 
үдерісін басқару 
 
ААЖ əзірлеу тапсырыс берушінің белгілі бір талаптарына сəйкес 
келетін жүйені құруды талап етеді. Тапсырыс берушінің қажеттіліктері 
жүйеге қойылатын талаптар жинағында көрсетіледі. Жүйе пайдалану 
барысында өз функцияларын орындай алуы үшін, ол белгілі бір сапалық 
көрсеткіштерге сай болуы тиіс. 
Халықаралық жəне отандық тəжірибеде сапаны басқару жəне оның 
нəтижелерін бағалау үшін белгілі бір стандарттар пайдаланылады. Сапаны 
бағалау үшін негізіне ISO 9000 текті стандарттар алынады. Бұл текке 20 
жуық стандарт кіреді. Олар арасында ең танымал ISO 9001, ISO 9002, ISO 
9003.
ISO 9001 стандарты өнімді шығарудың барлық технологиялық 
тізбегімен: жобалаумен, əзірлеумен, жасаумен, монтаждаумен, ретке 
келтірумен жəне қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдағы сапаны 
қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды тұжырымдайды. 
ISO 9002 стандарты жобалау жəне əзіреу үдерістеріне қатыспайтын 
ұйымдағы сапаны қамтамасыз ету үшін қолданылады. 
ISO 9003 стандарты жобалау жəне əзіреу үдерістеріне қатыспайтын, 
бірақ өнімді сынауды жəне тестілеуді орындайтын ұйымдарда 
қолданылады. 
ISO 9000 стандарттар тегіне кіретін ISO 8402 стандарты сапаны басқару 
үдерісінде пайдаланылатын мынандай негізгі ұғымдарды белгілейді: 
• 
үдеріс — кіріс элементтерді шығыс элементтерге өзгертетін 
ресурстар мен қызметтің өзара байланысты жиынтығы; 
• 
жұмыстарды жүргізу әдістемесі — қызметті жүзеге асырудың 
белгіленген тəсілі; 
• 
өнім — қызметтің немесе үдерістердің нəтижесі. 
Сапа ретінде өнімге тапсырыс берушілердің, бұл жағдайда- ақпараттық 
жүйенің белгіленген жəне болжамды қажеттіліктерін қанағаттандыру 
қабілеттілігіне жататын жобалау объектісі сипаттамаларының жиынтығы 
түсініледі. 
Жүйе пайдаланушыларының болжамды қажеттіліктері алдын ала 
айқындалуы жəне белгіленуі тиіс. Егер қажеттіліктер уақыт өте өзгеретін 
болса, онда сапаға қойылатын талаптарды мерзімді талдап отыру қажет. 
Жүйе қажеттіліктерінің құрамы жалпы түрде былай белгіленуі мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет