95
Жай-күйлер екі типті болады: əрекет жəне қызмет.
Әрекет жай-күйі
атомарлық деп есептеледі. Олар шағын уақыт аралығында орындалады
жəне бөлшектеп байланыстыруға жатпайды. Мысалы, бағдарламалау
тілінің белгілі бір операторы көмегімен айнымалы шаманың мағыналарын
есептеу.
Қызмет жай-күйі интегралды сипатқа ие жəне əрекеттер жай-
күйінің белгілі бір реттілігін жасырады. Белсенділік диаграммасы үшін
шартты белгілер 2.29-кестесінде келтірілген.
2.35 -суретте Әрекеттер жай-күйі диаграммасының үлгісі көрсетілген.
Жүйедегі
бизнес-үдерістерді
модельдеген
кезде
белсенділік
диаграммасын жолдарға бөледі. Әр жол ол үшін ақпараттық жүйе
əзірленетін ұйымның белгілі бір бөлімшесіне сəйкес болуы тиіс.
Белсенділік диаграммасы жүйенің белгілі бір объектілерінің болуын
көрсетуге жол береді. Нəтижесінде объектінің барлық өмір циклін байқап
шығуға болады: пайда болу, пайдалану, жою. Объектінің өмір циклін
байқап шығуға мүмкіндік беретін белсенділік диаграммасы
объектінің
траекториясы деп аталады
. «Жеткізілім» объектісінің қозғалыс
траекторясының екі нұсқасын қарастырамыз.
2.29 -кесте
Достарыңызбен бөлісу: