100
Бұдан басқа, UML тілінде компоненттерге арналған бес стандарттық
стереотип белгіленген:
1)
executable
—
орындалатын бағдарламалық код;
2)
library
—
объектілердің кітапханасы;
3)
table
—
деректер қорының кестесі;
4)
file
—
бағдарламаның мəтіні, деректері бар құжат;
5)
document
—
бағдарламаның жұмысы нəтижесінде алынған кез
келген құжат.
Осы стереотиптер үшін ешқандай стандарттық шартты белгілер
көзделмеген. Модельдің əзірлеушісі модельдің мəніне лайықты кез келген
белгіні таңдай алады, бірақ ұсынылатын шартты белгілер тізбесі бар (2.32-
кесте).
Компоненттер əдетте қандай да бір
интерфейсті, яғни, олармен осы
компонент ұсынатын қызметтер сипатталатын операциялар жинағын іске
асырады. Интерфейстер аты көрсетілген дөңгелек түрінде белгіленеді. Егер
интерфейс компонентпен іске асырылатын болса, онда осындай интерфейс
экспортталатын деп аталады
. Ол басқа компоненттерге қызмет көрсету
үшін пайдаланылады. Іске асыру қауымдастық түрінде көрсетіледі. Егер
компонент интерфейсті пайдаланатын болса, ол
импортталатын деп
аталады
. Импортталатын интерфейспен байланыс тəуелділік түрінде
көрсетіледі (2.40-сурет).
Тұжырымдамалық деңгейде интерфейс белгілі бір класпен іске
асырылады, бағдарламаны комплимирлегеннен кейін интерфейсті іске
асыру бағдарламалық кодпен — компонентпен орындалады.
Интерфейстерді іске асыру оңай жаңғыртылатын жəне кеңейтілетін
жүйені алуға мүмкіндік береді, өйткені бағдарламалық кодты қайта
комплимирлеуді орындау қажет емес, осы интерфейспен үйлесімді дайын
компоненттерді пайдалану жеткілікті.
2.32
-кесте
Достарыңызбен бөлісу: