Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет53/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

SADT байланыс түрлері
Байланыс түрі 
Сипаттамасы 
Басқару 
Бір блоктың шығысы басымдығы кем блокқа тікелей 
əсер етеді 
Кіріс 
Бір функцияның жұмыс нəтижесі келесі басымдығы
кем функцияны өңдеу үшін түсетін объектілердің көзі 
болып табылады 
Басқару бойынша 
кері байланыс 
Кері байланыс — итерация. Қандай да бір функцияның 
шығысы басымдығы артық функцияға əсер етеді 
Кіріс 
бойынша 
кері байланыс 
Итеративтік байланыс. Бір функцияның шығысы 
басымдығы артық басқа функцияның кірісі болады 
Шығыс — меха- 
низм 
Бір функцияның шығысы 
— басқа функцияның 
нəтижеге жетуі үшін құралы 


104 
б) объектілер ағымы тарамдануы мүмкін. Бұл ретте, егер ағым 
белгіленбесе, онда ол ағымның тарамдану алдындағы белгісінде көрсетілген 
барлық объектілерді қамтиды; 
в) тарамданғаннан кейін белгіленген ағым тарамдану алдындағы белгісінде 
көрсетілген барлық объектілерді немесе олардың бөліктерін қамтиды. 
Функционалдық əдіснама бойынша құрылған жүйенің моделі де 
иерархиялық қағидат бойынша құрылады. Жоғарғы деңгейде барлық жүйені 
«қара жəшік» моделі түрінде көрсететін бастапқы функционалдық блок 
орналасады. Модельде объектілердің бастапқы кіріс ағымдары, объектілердің 
шығыс ағымдары, жүйенің өз функциясын іске асыру үшін қажетті 
механизмдер мен басқарушы ағымдар көрсетіледі. 
Диаграммаларды сəйкестендіру үшін шартты белгілердің белгілі бір 
механизмі пайдаланылады. Бұл шартты белгілерді топтарға бөлуге болады: 
• 
торап — функционалдық ерекшеліктері осы диаграммада көрсетілген 
блоктың шартты белгісі; 
• 
мәнмәтін — блоктардың ата-аналық диаграмма блоктарының 
иерархиясындағы шартты белгісі; 
• 
нөмір — диаграмманың диаграммалар жиынтығындағы шартты нөмірі. 
Бірінші диаграмма, бұрын атап өткендей, жүйенің «қара жəшік» моделі 
болып табылады. Осындай диаграммы үшін тораптың шартты белгісі 
мынандай түрге ие: 
Т о р а п : A - 0, 
онда A — Aсtiоn негізгі сөзінің шартты белгісі. Осындай модельдің 
мəнмəтіні TOP деген негізгі сөзбен белгіленеді (2.43-сурет). 
Диаграммалардың нөмірлері «C» нөмірі түрінде құрылады. Мысалы, 
«С» нөмірінің құрылымы DAM00n болуы мүмкін, онда n— диаграмманың 
нөмірі. Нөмірлер бірнеше диаграммалардан тұратын модель бойынша 
навигация үшін пайдаланылады. 
Модельдеудің келесі қадамы «қара 
жəшік» 
моделін 
бөлшектеп 
байланыстыруда тұрады. 
Осындай 
модельдегі тораптың шартты белгісінің 
түрі. 
2.43
-сурет. SADT- 
диаграмманың 
декомпозиция 
үлгісі
Т о р а п : A0 

Ол бастапқы (нөлдік) блокты бөлшектеп 
бөлшектеп 
байланыстыру 
үлгісі 
байланыстыру орындалғанын білдіреді. 
Осы 
диаграммадағы 
функционалдық 
блоктар Aтүрінде белгіленеді, онда n— 
блок нөмірі. 


105 
2.44
-сурет. Бөлшектеп байланыстыру үдерісінің екінші сатысы 
Блоктарды нөмірлеу бірден басталады жəне блоктың төменгі оң жақ 
бұрышында көрсетіледі. 
Осындай диаграмманың мəнмəтіні боялған квадрат түріндегі шартты 
белгіні алады — «қара жəшік» блогын бөлшектеп байланыстыру (2.44-
сурет). 
Содан кейін осы диаграмманың функционалдық блоктарын бөлшектеп 
байланыстыру орындалады, қажетті блок таңдалады жəне оған диаграмма 
құрылады. Осындай диаграммаға арналған тораптың шартты белгісі 
мынандай түрде болады (2.45-сурет): 
Торап: 
An, 
онда — ол үшін диаграмма жасалған тораптың нөмірі. Алынған 
диаграммада тораптар бір санынан бастап нөмірленеді. 
Егер бөлшектеп байланыстыруды жалғастырса, онда таңдалған блок 
үшін диаграмма тораптың мынандай түрдегі шартты белгісімен құрылады 
Торап: 
Anm

онда n— ата-аналық диаграммадағы тораптың нөмірі; m— бөлшектеп 
байланыстыру торабының нөмірі. 
2.45-сурет.
Бөлшектеп 
байланыстыру 
үдерісінің үшінші 
сатысы 


106 
Бұл ретте бөлшектеп байланыстыру диаграммаларының мəнмəтіні 
аналық диаграммадағы функционалдық блоктардың иерархиясын 
квадраттар түрінде көрсетеді, жəне де ол үшін диаграмма құрылған 
элемент боялады. Мəнмəтіннің жанында функционалдық блоктың белгісі 
жазылады. Әр диаграммаға бірегей нөмір тағайындалады. 
Диаграммаларды ағымдар бойынша қосу үшін ICOM кодтау жүйесі 
пайдаланылады. Бұл негізгі сөздерден құрылған қысқартылған атауы 
1(кіріс), Cоntrоl (басқару), Outрut (шығыс), Mесhаnism (механизм). 
Тиісті ағымдар Lтүріндегі шартты белгілерді алады, онда L I, C, O, M 
негізгі əріптерінің бірі, ал n— ағымның реттік нөмірі. 
Функциялар арасындағы байланыстарды түзеуге болады [5]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет