• материалдықағымдар, шартты белгісі № 3;
• ұйымның бөлімшелері жəне субъектілер, орындаушылар, шартты
белгісі № 7;
• бизнес-үдерістер, шартты белгісі № 5.
Бизнес-үдерістер диаграмманың ортасында орналастырылады. Сол
жақта үдерістің серверін, оң жақта — клиентті, алтөменгі жағында —
бөлімшені (осы үдерісті орындаушыны) көрсетеді.
Ақпараттық ағымның моделі иерархиялық қағидат бойынша құрылады,
ол ұйымдағы құжаттардың жіктеуін жасауға жəне оларды сақтау жəне
пайдалану
түрін
көрсетуге
мүмкіндік
береді:
қағаз
ақпарат
тасымалдағышында немесе электрондық түрде. Тасымалдағыш түрі
көрсетілген құжаттың шартты белгісі № 4.
«Материалдық ағым» диаграммасы иерархиялық жіктеу болып
табылады, материалдық ағым үшін шартты белгі № 3.
«Ұйымдық құрылым» моделі бөлімдерді, лауазымдарды, осы ұйымға
кіру жəне өзара əрекеттесу қағидаларын көрсету үшін қолданылады.
Сызықтық бағыныс тұтас сызықпен, ал функционалдық – пунктир
сызығымен бейнеленеді. Диаграммада № 6 жəне 7 шартты белгілер
қолданылады. Ұйымның иерархиялық құрылымының түпкі элементі
ретінде ұйымның басты лауазымды тұлғасын немесе басты бөлімді
көрсетеді.
«Ақпараттық жүйе» моделі ұйымның ақпараттық жүйсінің құрамдас
элементтерін жіктеуге мүмкіндік береді. Жіктеу иерархиялық қағидат
бойынша құрылады. Түпкі элемент ретінде ұйым жүйесінің шартты
белгісін немесе жүйені өндірушінің нұсқасын жəне атауын көрсетеді.
Екінші деңгейде ұйымның негізгі функцияларын ақпараттық қолдау үшін