Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет75/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

Басшылар 
 
Басшы 
Бөлім 
Иванов И. С. 
Қойма 
Петров О. И. 
Өткізу 
Петров О. И. 
Маркетинг 


144 
мынандай нəтижелер алынады: 
Тұлға = Иванов И.С. Бөлім = қойма.
Тұлға = Петров О И. Бөлім = өткізу.
Тұлға = Петров О. И. Бөлім = маркетинг

Қосымшаларда VisualProlog5.x ақпараттық жүйелерді құру негіздері 
туралы мəліметтер келтіріледі. 
Объектілік бағдарланған ақпараттық жүйелер 
Кластарды жəне олар арасындағы байланыстарды белгілеу технологиясын 
пайдалана отырып, мəндік саланың ең толық сипаттамасын алуға болады. 
Объектілік –бағдарланған тəсілдеме постреляциялық ақпараттық жүйе 
ұғымымен тығыз байланысты. 
Постреляциялық ақпараттық жүйелерде негізгі ерекшелігі кестелер 
құрылымында атомарлық емес атрибуттарды пайдалану мүмкіндігі болып 
табылады. Кестенің алаңы — атрибут құрамдас типті болуы мүмкін.
Бұл деректер типтер С++, Jаvа, Objесt Pаsсаl сияқты бағдарламалау 
тілдерінде кең таралған. Құрамдас типтің деректері белгілі бір типтің 
алаңдарынан тұратын құрылымдар ретінде түсіндіріледі. Бағдарламалық 
қамсыздандыруды əзірлеудің объектілік парадигмасына бағдарланған 
тілдерде құрылым ұғымының ары қарай дамуы тип-класс болып табылды 
Класты мəндік саладан бөліп шығару жəне оны құрудың негізгі 
қағидаты — инкапсуляция, ол атрибуттар мен операцияларды класқа 
біріктіруді көздейді. Операциялар атрибуттерге қызмет көрсетеліп, атрибут 
мағынасын түзету, атрибут мағынасын шығару, атрибутке жазылған 
деректермен белгілі бір əрекеттерді жасау сияқты базалық операцияларды 
белгілейді. 
Класты пайдалану, яғни оның атрибуттары мен операцияларына жүгіну 
дананы алуды талап етеді. 
Мысалы, «тұлға» класы Jаvа тілінде құрылған: 
с1аss Person {
ргivate String bdаy; //Туған күні 
рrivаtе String name; //Тегі аты əкесінің аты ргivate String 
аdress; //Тіркелген мекенжайы 
//Класс атрибуттерін өзгерту 
public vоid setData. (String bd, String n, String аdr){
bdаy = bd;nаmе = n; adres = аdr; 
}
//Атрибуттердің мағыналарын қарау 
publiс vоid gеtDаtа ( ){ 
Syst е m. о ut . рг i n tI n ("Person: \ n"+bd аy+""+name+"
"+ а d ге s ) ;} }


145 
Осы класта адамның туған күні, тегі, аты, əкесінің аты жəне 
тұрғылықты мекенжайы туралы ақпаратты сақтауға арналған үш жабық 
атрибут белгіленген. Атрибуттерге қызмет көрсету үшін кластың екі ашық 
операциясы бар: 
1) 
setData
— «Тұлға» класының данасына деректерді беру; 
2) 
getData
— «Тұлға» класы данасының деректерін шығару. 
Кластың данасын құру жəне деректерді енгізу үшін операторлардың 
реттілігін пайдалану қажет: 
Person р = n e w Pe r s o n ( ) ; р .setData( " 1 2 . 0 
1. 0 8 " , " И в ан о в И . П "123890MocKBa Приoрoв көш.1 - 7- 
80") ; 
Тұлға туралы деректерді алу əдісті шақыртуды талап етеді: 
р. g e t D at a ();
Постреляциялық жүйелерде құрылым болып табылатын кестелердің 
атрибуттары да, сондай-ақ жекелеген объектілер де пайдаланылуы мүмкін 
соңғы жағдайда деректерді өңдеудің объектілік- бағдарланғанжүйелер 
(ОБЖ) туралы айтуға болады. 
ОБЖ əзірлеу белгіленген стандарттар негізінде жүргізіледі. Осылайша, 
ODMG (Оbject; Dаtаbаsе Mаnаgеmеnt Group) ұйымы— стандарттарды 
əзірлеу үшін объектілік деректер қорларын өндірушілер консорциумы жəне 
OMG (Oреn Mаnаgеmеnt Group) ұйымы— компонентаралық өзара іс- 
қимыл стандарттарын əзірлеу үшін объектілік технологиялар саласындағы 
өнім жеткізушілер консорциумы бұдан əрі аталған технологиялық 
шешімдерді ұсынады. 
ODL объектілерді анықтау тілі
(Оbject Pefinition Lаnguаgе). Осы 
тілқолданыстағы IDL (Interface Definition Lаnguаgе) тілі— интерфейстерді 
сипаттау тілі негізінде əзірленген. 
ODLмынандай құралдарды қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет