Байланысты: Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.
7.10. сурет. Бүріккіш принтерлердің жұмыс Бүріккіш принтерлердің жұмыс принципі қағаздағы бедер компьютерден бұйрық бойынша керек сәтте автоматты түрде арнайы сиялардың микротамшыларымен орындалатындығында. Кейбір үлгілердегі сиялардың құны принтердің құнынан бірнеше есе артық болуы мүмкін. Сапасы төменірек сияларда пайдалану, біріншіден, басып шығарылған кескіннің сапасына елеулі әсер етеді, екіншіден, құрылғының қызметін қысқартуға да ықпал етіп және оның сынуының себебі болуы мүмкін, бұл жағдай құрылғыны жөндетуге едәуір қаржылық шығынды талап ететін болады. Сондықтан шығыс материалдарына мұндай экономия қосымша қаржылық салынымдарға ұрындыруы мүмкін. Лазерлік принтерлер (7.11-сурет) бүріккіш принтерлерге лайықты бәсекелестікті құрады. Бірінші лазерлік принтер 1971 жылы «Xerox» корпорациясында ойлап шығарылған. Мұндай принтерлер ақ-қара түсті басуды да, сондай-ақ сапалы түрлі-түсті басуды да қамтамасыз етеді. Алайда түрлі-түсті принтерлердің құны ақ-қара түсті принтерлердің құнынан жоғары болады. Бұл үрдіс лазерлік басып шығару үшін пайдаланылатын шығыс материалдарының жоғарғы өнімділігімен және құнының төменділігімен, тонер мен барабандарды ауыстырудан ғана тұратын принтерлерге техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығымен шаттандырылған. Лазерлік принтерлермен жұмыстың негізінде жатқан технологияның принципі ксерография принципіне ұқсайды. Фотобарабанның жоғарғы жағынан статикалық заряд бірқалыпты бөлінеді, осыдан соң компьютерден бұйрық бойынша сәуле диодты лазер керек жерлерден бұл зарядты алып тастайды — сол арқылы фотобарабанның беті біркелкі емес электрленеді, сөйтіп жасырын кескін пайда болады. Тонер фотобарабан бетінің разрядталған учаскелеріне тартылады. Бұдан кейін фотобарабан қағаз бетімен сырғып өтеді, сол арқылы тонердің барабаннан қағазға көшірілуі іске асырылады. Бұдан соң қағаз термиялық бекіту блогы арқылы өтеді, мұнда 180 °С -қа жуық температура ықпалымен тонердің бекітілуі жүреді. Сонымен бір мезетте фотобарабан тонердің қалдықтарынан тазарады және тазарту торабында разрядталады.
7.12-сурет. Көп функциялы құрылғы
Қаізргі кезде көп функциялы құрылғы (КФҚ) кеңінен таралып отыр, оларда принтер, сканер, көшіру аппараты мен телефон функциялары біріктірілген (7.12. сурет). Мұндай бірлестік техникалық жағынан тиімді және жұмыста қолайлы. Басып шығару құрылғыларымен жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын қарастырайық. Фотобарабанның мерзімінен бұрын тозуының алдын алу үшін лазерлік принтерлерде тиісті сападағы қағазды пайдалану ұсынылады, өйткені мұндай принтерлердің үлгілері өте талғампаз. Қалыңдығы 180 °С төмен емес қағазды таңдаған дұрыс. Ақ, бірақ жұқа қағазды пайдалану оның мыжылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда қалыңдығы жақсы қағаз пайдаланылса, ол бәрібір мыжылса, оны аса күш салмай, ұқыптылықпен суырып алу, одан кейін тұрып қалған қағаздың толық алынғанына және принтерде тіпті ұсақ бөлшектері де қалмағанына көз жеткізу қажет. Егер тұрып қалған қағазды толық алып тастау мүмкін болмаса, онда бұл ақауды жою үшін сервистік орталыққа жүгіну керек. Одан өзге, фотобарабанның жоғарғы бетіне қолмен немесе қандай да болмасын заттармен жанасуға болмайды, өйткені бұл басып шығарылатын кескіннің бұдан арғы сапасына әсер етуі мүмкін. Егер принтерде профилактикалық жұмыстар жүргізу жосапрланған болса, онда құрылғының электрлік қорегін ажыратып тастау керек. Барлық принтер түрлерінің үстіндегі кареткалардың қорғаныс қақпақтарын картриджді ауыстыру үшін принтер басып шығаруды орындамаған және орындауға дайындалмаған жағдайда ғана көтеруге болады. Кейбір принтерлердің конструкциясы қағаз беруді блоктамайды, соның нәтижесінде принтердің қозғалыс үстіндегі немесе қызған элементтерінен жарақат алуға болады. Картридждерді ауыстыру барысында өте ұқыпты болу қажет, әсіресе, он минут бұрын осы принтерде құжаттарды басып шығару жүргізілген болса. Тонерді қағазға бекіту барысында жоғарғы температура пайдаланылатын болғандықтан, қыздыру элементтерімен кездейсоқ жанасу күюге әкеп соқтыруы мүмкін. Лазерлік принтерлермен жұмыс барысында төнерді иіскеу тыныс жолдары ауруларының белгілері пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін, сондықтан картридждерді дербес бөлшектеу ұсынылмайды. Кескінді сәуле сезімталдықты барабанда қалыптастыру үшін адамның көзіне көрінбейтін лазерлік сәуле пайдаланылады. Тіпті көрінбейтін, тік немесе тойтарылған лазерлік сәуле көзге түскен жағдайда жанарға зақым келтіруі мүмкін. Лазерлік принтерлерде жұмыс барысында жайдың ауасындағы озон, азот тотығы, көміртегі тотығы құрамы ұлғаяды, трихлорэтан, изооктан, толуол, бензол, ксилол, сондай-ақ кадмий мен селеннің газқұрамды бірлестіктері секілді зиянды заттардың бөлінуі мүмкін, сондықтан лазерлік принтер тұрған жайды жиірек желдеткен жөн. Мамандардың кеңесіне құлақ асып, лазерлік принтерлерді үздіксіз қорек көздеріне қоспаған дұрыс, себебі принтердің тұтынатын қуаты басып шығару кезінде қорек көзі есептелген стандартты дербес компьютер қуатынан едәуір асады. Басып шығару құрылғыларымен жұмыс барысында келесі талаптарды сақтау қажет. Құрылғының желдеткіш тесіктерін жаппау қажет, өйткені олар табиғи желдетуді іске асырады, яғни, құрылғының қызып кетуінің алдын алады. Жабдықты қосуды тек дұрыс тұйықталған электрқорегі розеткаларына ғана іске асыру қажет. Бұл мақсат үшін жалпы желідегі жүйелі өшіп, жанатын фотокөшіргіш құрылығылары немесе кондиционерлері бар розеткаларды пайдаланбаған дұрыс. Картридждерді принтерлерден тыс сақтауға болмайды. Картридждерді суырып алу барысында басып шығарғыш қақпақшасы кеуіп кетуі мүмкін, бұл әрі қарай басып шығарудың мүмкін болмауына әкеп соқтырады. Лазерлік және бүріккіш принтерді компьютерлермен бір жайда орналастыруға болады. Мұндай құрылғыларды арнайы сөре- тұғырларда орналастырған дұрыс.
Басып шығару құрылғысын желдету, жұмыс жасау және қызмет көрсету үшін жеткілікті орын қалатындай етіп орналастыру қажет. Конидиционерден шығатын ауаның суық ағынының ықпалы құрылғының жұмысына теріс ықпал етуі мүмкін. Жарыққа сезімтал компоненттердің зақымдануын болдырмау мақсатында, құрылғыларды жылу көзінің жанына немесе тік күн сәулесінің астына орналастыруға болмайды. Ақпаратты қағазға шығару құрылғысының, басқа да көшіру- көбейту техникасы секілді, ол қандай қымбат тұрмасын, бірқатар кемшіліктері бар. Үлгісі мен бағалық қатарына қарамастан, олардың бірі тонердің бояғыш заттарында болсын, сондай-ақ техниканың өзінде болсын, зиянды заттардың болуы. Кадмий сульфидтері және селена көшіргіш техникада фоторецепторлық барабандарды жабу үшін пайдаланылады. Барабандардың беті жоғары әлеуетпен зарядталуы барысында газдың бөлінуі (булану) болады, ол тамақтың тітіркенуінің, құсудың, тері тітіркенуінің, риниттің себебі болуы мүмкін. Көміртегі тотығы тонердің құрамына кіреді және кескінді бекіту барысында бөлінеді. Ауаның үлкен шоғырлануы барысында ол бас ауыруын, әлсіздік, ұйқышылдық, тамыр соғысы жиіленуін, жүктіліктің асқынуын туындатады. Азот тотығы озон секілді, коротрондардағы жоғары вольтты разрядтар барысында пайда болады. Ол адамға көміртегі оксиді іспеттес әсер етеді. Тонердің адам ағзасына әсерін қарастырайық. Тонер полимерлер, көміртегі, темір тотығының қосындысынан тұрады. Тонердің құрамы әр түрлі, онда канцерогенді заттардың болуы мүмкін. Адам денсаулығына зияндылық деңгейі бойынша тонерді көмірдің шаңымен салыстыруға болады. Ол тыныс органдарына ықпал етеді, көздің шырышты қабықшасының, жұтқыншақтың, терінің тітіркенуін туындатады. Тонермен жұмыс барысында, әсіресе, картридждерді қоректендіру барысында, ерекше сақтық шараларын сақтаған орынды. Жайларда сорғылар, желдету жүйелері орнатылуы, ал қызметкердің қорғаныс құралдары, мысалы, респиратор мен қолғаптар болуы тиіс (7.13. сурет).