Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет48/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
VIII ТАРАУ

8.1.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
ДӘРІ ҚОБДИШАСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері және еңбекті қорғау нормаларын сақтау қызметкерлердің жарақаттануының алдын алуға және оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Алайда қандай да бір себеппен жарақат алынған болса, ауырпалық деңгейіне қарамастан зардап шеккен адамға алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету керек.
Зардап шеккен адамға алғашқы көмекті, әдетте, оның жанындағылар көрсетеді. Олардың міндеті білікті медициналық қызметкер келгенге дейін адамның азабын жеңілдету және жарақаттың мүмкін қауіпті салдарларының алдын алу болып табылады. Іс-әрекеттер жеделдігінің ерекше маңызы бар. Жылдам және білікті орындалған алғашқы көмек көп жағдайда адамның денсаулығы мен өмірін сақтауға ықпал етеді.
Жарақат сипатына байланысты алғашқы көмек шаралары келесідей болуы мүмкін: жарақатты өңдеу және оны таңу, жасанды дем жасау, жанып жатқан киімді сөндіру, жүректің тікелей емес массажы, ауыруды басатын дәрілік құралдарды қолдану және т.б. Алғашқы көмек көрсетудің түрлі нұсқаларын және жұмыс орнында болуы тиіс дәрі қобдишасының түрлі нұсқаларын қарастырайық.
Дәрі қобдишасы — алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін қажет құралдардың жиынтығы. Дәрі қобдишаларының олардың пайдаланылатын орны есептеліп жинақталған бірнеше типтері бар, мысалы: автомобилистің дәрі қобдишасы, жеке дәрі қобдишасы, алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі дәрі қобдишасы.
Алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі дәрі қобдишасының жиынтығы: бинттерден (енсіз және жалпақ), стерильді таңғыштардан, марлядан, мақтадан, қан тоқтататын жгуттан, жабысқақ пластырьдан, термометрден, қайшыдан, йодтан, мүсәтірлі спирттен (аммиак ерітіндісі), бор қышқылынан, валидолдан, валериана тұнбасы немесе экстрактынан, натрий гидрокарбонаттан, марганецтен, сутегі тотығынан, белсендірілген көмірден, ауыруды басатын және қызуды төмендететін құралдан (аспирин немесе оның эквиваленті), антисептиктен (сұйық және жақпа май), гипотермиялық (суытатын пакет), өлшегіш стаканнан тұруы тиіс.
01.01.2012 жылдан бастап Ресей Федерациясы Әлеуметтік даму министрлігінің «Қызметкерлерге алғашқы көмек көрсету үшін аптека қобдишаларын медициналық міндеттегі бұйымдармен жинақтауға талаптарды бекіту туралы» 05.03.2011 жылғы № 169н бұйрығы күшіне енді. Бұл құжатта мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін, дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажет құралдардың толық нақты тізбегі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет