Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ТАЛЫП ҚАЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ



бет50/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
8.4.
ТАЛЫП ҚАЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ
КӨМЕК
Зардап шеккен адамның талып қалу жағдайы есінен танумен сипатталады. Талып қалу қатты қорқу, қан ағу, қатты ауыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Адамның беті әрқашан бозара бастайды. Бұл жағдайда зардап шегушіні мүмкіндігінше аяғы бас деңгейінен жоғары болатындай етіп, жастықсыз арқасына жатқызу қажет. Зардап шегушінің жағасын, белдігін және киімінің басқа тығыз бөліктерін ағыту керек. Зардап шегушінің қолдарын, аяқтарын, арқасын, кеудесін одеколонмен, спиртпен немесе құрамында спирт бар басқа сұйықпен уқалап сүрту қажет. Уқалап сүрткеннен кейін зардап шегушіні жақсылап қымтап жауып, маңдайына ыстық сумен суланған мата қою, мүсәтір спиртін иіскету керек.
Зардап шегушіні мұндай күйде орнын ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға, сондай-ақ басына мұз немесе суық сумен суланған мата қоюға болмайды.

8.5.

ЖЫЛУ ЖӘНЕ КҮН ТИЮ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Егер адам қапырық жайда немесе аптапта есінен танып қалса, онда әрқашан да оның беті қызарады. Бұл жағдайда зардап шегушіні көлеңкеге немесе салқын жайға көтеріп апарып, басының астына киімнен орап жасалған білікше қойып жатқызу, денесін суық сумен сүрту, маңдайына суық сумен суланған сүлгі немесе мата қойып, мүсәтір спиртін иіскету керек.
Оны күннің астында немесе қапырық жайда қалдыруға болмайды, басы аяғымен бір деңгейде болатындай етіп жатқызу, басына жылы зат қою керек. Бұл жағдайдағы көмек талып қалғандағы көмек іспеттес; негізгі айырмашылығы талып қалғанда адамды жылытатын шаралар жасайды, ал жылу немесе күн тию барысында, керісінше, салқындатады.

8.6.

ҚАНСЫРАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ
Аздап қан кеткен жағдайда, мысалы саусақ кесіп алған жағдайда, жараны қолмен ұстауға болмайды. Оны сумен шайып жуу, бинтті йод тамшыларымен сулап, жараға қою және таңып тастау керек.
Мұндай жағдайларда бактерицидті жабысқақ пластырьды пайдаланған өте дұрыс. Осындай шаралар инфекция тарауының алдын алуға көмектеседі.
Күре тамырдан қан кеткен жағдайда, жгутты пайдаланған дұрыс болады. Оны төсем салмай, жалаңаш аяқ-қолдың басына тікелей салуға болмайтынын есте ұстау қажет. Салар алдында жараның шетін йод тұнбасымен сүрту қажет, жгутты жарадан жоғарырақ 2 сағаттан аспайтын мерзімге салады.Одан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет. Ішкі қан ағысы барысында медициналық мекеме жағдайындағы білікті маманның көмегі қажет.
Мұрыннан қан кеткен жағдайда, басты шалқайтуға және сіңбіруге болмайды. Кеңсіріктің үсітне суық компресс қойып, ал мұрынның ішіне кез келген мұрын іші қан тамырын тарылтатын құралға батырылған мақта турундасын қою керек. Егер қан ағуы тоқтамаса, білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет