Жүрек маңы ауырған жағдайда: отыру немесе жату, валидол немесе нитроглицерин таблеткасын тілдің астына салу қажет. Кез келген еңбекті доғарып, толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ сумен араластырылған жеңіл седативті құралдың 25...30 тамшысын қабылдауға болады. Бас қатты ауырған жағдайда: адамды отырғызу немесе жатқызу, оған ауыруды басатын, ұйықтататын құрамы жоқ құрал (анальгетик, спазмолитик) беру қажет. Басына қыздырғыш қоюға, ұйықтататын дәрі, сондай-ақ транквилизаторлар қабылдауға болмайды СОҒЫЛУ ЖӘНЕ МЕРТІГУЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫКӨМЕК Жұмсақ ет жараланған кезде гипотермиялық пакет немесе сумен суытылған мата қойып, жоғары қабатын суытады. Қатты ауырған жағдайда кез келген анальгетикті қабылдауға болады. Егер аяқ-қол зақымданса, оларды тыныш жағдайда ұстау және қалпын бекіту қажет. Қолды орамалға іледі, буынды таңғышпен немесе шина салып бекітеді. Шинаны қол астындағы материалдан: тақтай, фанера, сызғыштан әзірлеуге болады. Шина сынған сүйектер мен буындарды сынық орнынан жоғары және төмен бекітуі тиіс. Иық немесе сан сынған жағдайда үш буын, ал қалған жағдайларда — екі буыннан бекітілуі тиіс. Егер сынық ашық болса, онда жараны йодпен өңдеп, таңғыш салу қажет. Ауыр жағдайларда, мысалы қабырғалар сыну барысында, ең бастысы — тығыз таңып тастау арқылы, көкірек қуысының жылжуын азайту қажет; бұл жағдайда зардап шегуші «отыру» қалпында болуы тиіс. Сіңір созылған жағдайда, бірінші кезекте, жарақаттанған аяқ- қолды бинттердің, шиналардың, қол асты құралдарының көмегімен бекіту, ал содан кейін жарақаттанған аяқ-қолдың тыныштығын қамтамасыз ету қажет. Егер мүмкіндік болса, жарақат орнына суық затты қою, содан кейін, әрине, білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.