Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет52/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

8.9.
УЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫКӨМЕК
Түрлі өнімдер мен заттар улану көздері болуы мүмкін. Ағзаның тамақпен, қышқылдармен, химиялық улармен, дәрілермен улануы нәтижесінде, құсық, әлсіздік, асқазан ауруы, кейде диарея пайда болады.
Егер тамақтан улану сезігі болса, онда суды көп ішу және жасанды құсық шақыру, ал содан кейін кез келген адсорбент (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдау керек.
Шығарынды газдармен улану барысында келесі симптомдар: бастың айналуы, құлақтың шулауы, терінің түсі ал қызыл болуы байқалады. Зардап шегушіге таза ауа ағынын қамтамасыз ету және мүсәтір спиртін иіскету керек. Ауыр жағдайларда адамның тіршілік әрекетін қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін диагнозын анықтау және дер кезінде медициналық көмек алу үшін медициналық мекемеге жүгіну қажет.
1.3. қосымшада берілген тәжірибелік және тест тапсырмаларын орындаңыз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Дәрі қобдишасы не үшін қажет? Дәрі қобдишаларының қандай типтері бар?

  2. Дәрі қобдишасы қандай құралдармен жабдықталуы тиіс?

  3. Күйік деген не? Күйіктің қандай түрлері бар?

  4. Электрмен зақымдану барысындағы көмек неден тұрады?

  5. Жасанды тыныс пен жүректің тікелей емес массажының мәні неде?

Қорытынды

ДЭЕМ пайдаланушылар саны үздіксіз өсу үстінде. Сонымен бір мезетте ДЭЕМ-де жұмыс істеушілердің денсаулығы үшін қауіп мүмкіндігі барған сайын айқындала түсуде. Компьютермен жұмыс істеген кезде жанар, сүйену-қозғалу, жүйке-психологиялық жүйелер және әйелдердің репродуктивтік функциясы қатерге душар болады.
Одан өзге, электронды сәулелі түтік негізіндегі мониторларды пайдалану ауадағы оң және теріс зарядталған иондардың арасындағы тепе-теңдікті бұзуға ықпал етеді.
Компьютерлерде және басқа есептеу техникасында жұмыс істейтін персонал санитарлық нормалар мен ережелер негізінде әзірленген нұсқаудың талаптарын орындауға, техниканы орынды және дұрыс пайдалануды іске асыруға, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін пайдалануға, сондай-ақ демалыс уақыты туралы ұмытпауға және өзінің денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
Компьютермен жұмыс барысында электростатикалық өрістер, электр магниттік сәулелендіру, көздің шаршауы, электр тогымен зақымдану қаупі, өрт қауіптілігі зиянды және қауіпті факторлар болып табылады.
Апатты жағдайларда (электр энергиясы сөндірілген, өрт, түтін иісі пайда болған жағдайда) жабдық дереу желіден ажыратылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін сақтау жабдық қызметінің мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебердің денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау ғана өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтану мүмкіндігін бермейді. Қызметкердің өзі денсаулығына қамқорлық жасауы тиіс — бұл жұмыс қабілетінің деңгейіне ғана оң ықпал етіп қоймай, сонымен қатар, кәсіпкерлік аурулардың деңгейін де қысқартады.
Енгізіліп отырған мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар халықтың денсаулығын, өмір және білім деңгейін сақтауға ықпал етеді, сол арқылы оның денсаулығына қамқорлық жасайды. .
Әлемде компьютерлік техникаға ең қатаң талаптар Швецияда қойылады — онда адам денсаулығына сәуелелендірудің барлық түрлерінің барынша толық ықпалы зерттелген. Еуропалық одақ елдері ЕО біртұтас стандартын жасау барысында шведтік ТСО 92 нормаларын бағдарлық негізге алған. Бейне мониторлардан сәулеленуге Ресейлік талаптар әзірше ТСО 92-дей қатаң емес, алайда Ресей Мемлекеттік стандартының таяудағы жоспарларында — қауіпсіздік «планкасын» шведтік деңгейге дейін көтеру белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет