Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет29/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

5.2. I
ҚАУІПТІЛІК ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША ТОКТАРДЫ
ЖІКТЕУ
Адамға электр тогы әсерінің нәтижесі неге байланысты? Ток қауіптілігінің деңгейі 12.1.019 «ССБТ. Электр қауіпсіздігі, жалпы талаптар» МЕМТ (мемлекеттік талаптарда) берілген және бәрінен бұрын ток ықпалының жиілігі, күші, кернеулілігі және уақытына байланысты. Ауыспалы токпен зақымдануға қарағанда, тұрақты токпен зақымдану қаупі төмен. Отандық электр желілері үшін стандартты болып табылатын 50 Гц жиілікті ток барынша қауіптілік туындатады. Ток күші басты фактор болып табылады, алайда адам ағзасының электрлік қарсыласуын да есептен шығаруға болмайды.
Егер ағза мықты, сау болса, онда токқа қарсыласу да күштірек болады. Адамға ықпал деңгейі бойынша токтың үш табалдырықтық мәні белгіленген:сезілетін, жібермейтін және фибрилляциялық. Олардың әрқайсын барынша толығырақ қарастырайық ( 5.1- кесте).

5.1- кесте Қауіптілік деңгейі бойынша токтарды жіктеу

Қауіптілік деңгейі

Ток, мА

Жиілігі, Гц

Сезілетін

0,6... 1,5

50

Жібермейтін

10... 15

50

Фибрилляциялық

90.100

50

Қауіпсіз

2

50

Адамның ағзасы арқылы өту барысында сезінерлік тітіркендіру туындататын электр тогы сезілетін деп аталады. 50 Гц жиілікті ауыспалы ток барысында адам сезіне бастайтын минималды көлем 0,6 мА құрайды.
Дененің аяқ-қолы бұлшықтарының түйілулі қысқарулары зардап шеккен адамға ток жүретін бөліктерден дербес ажырауға мүмкіндік бермейтін ток жібермейтін деп аталады.
Фибрилляциялық ток адам ағзасы арқылы өту барысында жүректің тоқтауына әкеп соқтыратын жүрек бұлшығы талшықтарының ретсіз және түрлі мерзімдік қысқартуларын туындатады. Егер ол 3 тәулік барысында әрекетте болса, онда ағза мерт болады.
Адам электр тізбегінен өз бетінше босай алатын ток қауіпсіз деп есептеледі. Оның көлемі токтың адам денесі арқылы өту жылдамдығына байланысты (мысалы, әрекет ұзақтығы 10 с — 2 мА артық болған жағдайда).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет