Сонымен, жұмыс креслоларының түрлі нұсқаларын қарастырайық. (6.2-сурет). Әдетте биіктігі және еңіс бұрышы бойынша, сондай-ақ отырғыштың алдыңғы шетінен арқасының арақашықтығы бойынша реттелетін отырғышы және арқасы бар көтермелі-бұрылғыш креслолар қолданылады. Келесі параметрлер маңызды (6.2-кесте):
отырғыш бетінің ені және кеңдігі — 400 мм кем емес;
стационарлық немесе алынатын шынтақшаның ұзындығы 250 мм. кем емес және ені 50.70 мм.
Мамандар отырғышының биіктігі еденнің деңгейінен 400-500 мм шегіндегі жұмыс орындығын таңдауды ұсынады. Одан өзге, отырғыштың бетін адамның тізе асты ойығынан 3 см. төмен орналастыру ұсынылады.