Отырған адамның арқасын ұстап тұруды барынша қамтамасыз ету үшін бел аумағында реттегіші бар орындық алу ұсынылады. Одан өзге, «дұрыс» орындықта биіктіктің: арқаның алдыңғы және артқы бұрышының тәуелсіз реттегіштері болуы тиіс. Барынша тұрақтылыққа бес тірек нүктелері бар жұмыс креслосын пайдалану арқылы жетуге болады. Қолдың бұлшық еттеріндегі статикалық кернеуді азайту мақсатында стационарлық немесе алынатын шынтақшаларды пайдалану ұсынылады. Олар білекті қолдауға ықпал етеді және иық және мойын омыртқаларының шаршауын азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс орны ені 300 мм. кем емес, тереңдігі 400 мм. кем емес, биіктігі бойынша 150 мм. дейін реттелетін аяқ тұғырымен жабдықталуы тиіс. Тұғырдың жоғарғы беті бұдырлы болуы, ал алдыңғы шеті бойынша биіктігі 10 мм. ернеуі болуы тиіс. Бұл аяқ киімнің тайғанауын, яғни, жарақаттану мүмкіндігін болғызбайды. Клавиатура столдың жоғарғы бетінде пайдаланушыға қараған шетінен 100...300 мм. қашықтықта орналасуы тиіс. Мәтінді құжаттарды теруге қолайлы болу үшін көлемі ұзындығы және ені бойынша оларға орнатылатын құжаттарға сәйкес келетін жылжымалы тұғырлар қолданылады. Экран жазықтығы көз деңгейінен төмен, дұрысы, көзқарастың қалыпты сызығына перпендикулярлы (көзқарастың қалыпты сызығы — көлденеңнен 15° төмен) орналасқан жағдайда, ақпаратты жылдам оқу қамтамасыз етіледі. Компьютерлік техникамен жарақталған
жұмыс орнының параметрлері
Эргономикалық, көлемі сәйкес-жабдық санына сәйкес келеді. Биіктігі бойынша реттелетіні дұрыс( 680-нен - 800 мм. дейін). Үстіңгі бетінің жұмыс тереңдігі — 600.800 мм; ені— 1 200...1 600 мм
Жұмыс орындығы
Эргономикалық, шынтақшалары бар көтермелі-бұрылғыш болғаны дұрыс. Отырғыштың ені —400 мм кем емес; биіктігі — 400...550 мм; арқасының биіктігі — (300±20) мм
ЭРГОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР Тіпті әлемдегі ең эргономикалық жабдық егер оны дұрыс және тиімді пайдаланбаса, ауырулардан құтқара алмайды. Қайталанатын біртекті жүктемелер қызметкер үшін барынша зиянды болып табылады. Компьютермен жұмыс істеу барысында адам бірнеше сағат қатарынан ыңғайсыз жағдайда отырады. Бұл тек жалпы қалжырау мен шаршауға ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен қатар омыртқаның түрлі учаскелерінің: мойын, кеуде, бел остеохондрозына әкеп соқтыруы да мүмкін.
Адам қызметінің қолайлылығын жасау қызмет түріне, оның кернеулілігіне, зиянды факторлардың болуына (зиянды заттар, жарықтану, сәуелелену деңгейі, климаттық ахуал жағдайы), адамның психофизиологиялық (адамның антропометрикалық сипаттамасы, түрлі тітіркендіргіштерге әсер жылдамдығы, адамның түсті қабылдау ерекшеліктері айтылып отыр) мүмкіндіктеріне байланысты. Эргономика адамды заманауи өндірісте оның қызметінің нақты жағдайларында кешенді зерттейді. Өзара тығыз байланыстағы және адам қауіпсіздігіне ықпал ететін «Адам — машина — өндірістік орта» жүйесін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Адаммашиналық жүйе тиімді қызмет атқаруы және адамның денсаулығына залал келтірмеуі тиіс. Ол үшін адам мен машина сипаттамалары сыйымдылығын қамтамасыз ету қажет. Бұл сыйымдылық оның антропометрикалық, сенсомоторлық, энергетикалық (биомеханикалық) және психофизиологиялық сыйымдылығымен анықталады. Антропометрикалық сыйымдылық адам денесінің көлемдерді, сыртқы кеңістікті шолу мүмкіндігін, оператордың жұмыс процесіндегі қалыпын (кейіпін) есептеуді болжамдайды. Сенсомоторлық сыйымдылық адамның машина жұмысының және дабыл берудің жылдамдығын таңдау барысындағы қозғалыс (моторлық) операцияларының жылдамдығын және оның түрлі тітіркендіргіштер түрлеріне (сәулелік, дыбыстық және т.б.) сенсорлық әсерін есептеуді болжамдайды. Энергетикалық (биомеханикалық) сыйымдылық басқару органдарына жұмсайтын күш-жігерін анықтау барысындағы адамның күш мүмкіндіктерін есептеуді болжамдайды. Психофизиологиялық сыйымдылық адамның түске, түс гаммасына, берілетін дабылдардың жиілік диапозонына, машинаның формасына және басқа эстетикалық параметрлеріне әсерін ескеруі тиіс. Адамның антропометрикалық, сенсомоторлық және энергетикалық сипаттамаларын толығырақ қарайық. Адамның антропометрикалық сипаттамасына статикалық (адам денесінің және оның жекелеген бөліктерінің: басы, аяқтары, қолдары, білезігі, табаны, иығының ені, жамбасының көлемдері) және динамикалық (дененің жекелеген бөлшектерінің мүмкін бұрылыс бұрыштары, қол жетерлік аймақтары) сипаттамалары жатады. Адамның визуалдық көзбен шолу алаңының ақпараттық аймақтары 6.3-суретте берілген және көлемдері жанардың бұрыштарымен есептелетін жанар алаңдарымен белгіленеді. Жұмыс орнын ұйымдастыру, бақылау және басқару органдарының құрылымы адамның антропометрикалық, сенсомоторлық және энергетикалық сипаттамаларын ескерулері тиіс. 6.3. сурет. Адамның визуалдық көзбен шолу аймақтары Адамның жұмыс қалыпының маңызды эргономикалық мәні бар. «Түрегеп тұру» жұмыс қалпы үлкен энергетикалық шығынды талап етеді және жылдам қажуға әкеп соқтырады. «Отыру» жұмыс қалпын азырақ қажытады және барынша басымды. Алайда дене қалпының дұрыс болмауы, яғни, бұлшықтардың артық кернеулілігі сүйену-қозғалу
аппаратының ауыруларына (мысалы, омыртқаның қисаюына), жылдам қажуға, жарақаттануға әкеп соқтыруы мүмкін. Оператордың жұмыс креслосы «отыру» қалпындағы жұмыс орнының құрамдас бөлігі болып табылады. Кресло адамның антропометрикалық деректеріне сәйкес болуы және қажет болған жағдайда, арнаулы киім мен жараққа түзетулерді ескеруі тиіс. Түстік бояу, құрылғылардың көлемдері адамның психофизиологиялық және антропометрикалық сипаттарына, жұмыс орнының жарықтандырылуына және сәулелік ортаның басқа да сипаттамаларына сәйкес болуы тиіс. Ақпаратты енгізудің компьютерлік құрылғылары (клавиатуралар және манипуляторлар) үшін қазіргі кезде жалпыға ортақ қабылданған стандарттардың болмауы, олардың мониторлардан айырмашылығы болып табылады. Алайда бұл құрылғылардың көптеген өндірушілері оны қолданудың эргономикалығын арттыратын түрлі сындарлы шешімдерді сипаттайды: клавиштердің орналасуын реттеу мүмкіндігі бар клавиатура, ұзақ жұмыс барысында білезіктің шаршауын азайту нысанындағы тінтуір. Кейбір үлгілер шын мәнінде компьютермен жұмыс барысындағы жұмыс қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда, алға қарай өзіндік технологиялық секіріс болып табылады. Клавиатурамен жұмыс барысындағы қолдың қалпының дұрыс болмауы қол білезігінің созылмалы созылуына ықпал етуі мүмкін. Клавиатураны столдың шетіне жылжытып және қол білезіктерін арнайы алаңға сүйеп қоюдың маңыздылығынан гөрі, шынтақтарды столдың үстіңгі бетіне параллельді және иыққа тік бұрышпен қанша ұстаған маңызды. Сондықтан клавиатура столдың шетінен 10... 15 см (шынтақ ұзақтығына байланысты) орналасуы тиіс. Бұл жағдайда жүктеме тамырлар мен сіңірлер терінің үстіңгі қабатына жақын орналасқан білезікке емес, шынттаққа келеді. Монитор столдың ең кең бөлігінде орналасуы есебінен, заманауи эргономикалық үлгілердің клавиатура үшін тиімді алаңы бар. Столдың тереңдігі клавиатураны мониторға қарай жылжытып, шынтақтарды столға толықтай қоюға мүмкіндік беруі тиіс.