Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет40/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

МОНИТОРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебер жұмыс уақытының барлығын іс жүзінде ақпаратты шығару құрылғыларының алдында, соның ішінде монитордың алдында өткізеді.
Монитордың мәтін немесе графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналғаны және пайдаланушының компьютермен қатынасу процесінде байланыстырып тұратын буын екені баршаға мәлім.
















Ұйымның атауы




Күні

Нұсқамадан өтушінің тегі, аты, әкесінің аты

Туылған жылы

Мамандығы, нұсқамадан өтушінің лауазымы

Нұсқама түрі (алғашқы, жұмыс орынындағы, қацйталама, жоспардан тыс)

Жоспардан тыс нұсқама өткізілуінің себебі




Құрылымдық бөлімшенің атауы
Жұмыс орнындағы нұсқаманы тіркеу
ЖУРНАЛЫ
(МЕМСТ 12.0.004-90)
Том Басталды « » 20 ж.
Аяқталды « » 20 ж.
Барлығы енгізілді жазба
Сақтау мерзімі

1

2

3

4

5

6



































































Нұсқама өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы

Қолы

Жұмыс орынындағы тағылымдама




Нұсқама өткізушінің

Нұсқамада н өтушінің

Ауысым саны (--дан... дейін..)

тағылымдамадан өтті (қызметкердің қолы)

білімін тексерді, жұмысқа жіберуді атқарды (қолы, күні)

7

8

9

10

11

12

































































7.1. сурет. Нұсқамаларды тіркеу журналы


7.2-сурет. ЭСТ негізіндегі мониторлар

Мониторлар бірнеше түрге бөлінеді: ЭСТ-мониторлар, СК-мониторлар, плазмалық мониторлар.
ХХ ғасырдың телевизорларындағыдай электр-сәулелі түтік (кинескоп) ЭСТ-монтиролардың (7.2-сурет) негізгі конструкциялық элементі болып табылады.
ЭСТ мониторлы экранда кескін құрылуының принципін қарастырайық. Электр-сәулелі түтік - бұл шыны колбаның ішіндегі электрон вакуумды аспап, оның түбінде люминоформмен жабылған экран орналасқан, ал қылтасында электрондық зеңбірек орналасқан. Монитордың жұмыс істеуі барысында электрондық зеңбірек қызады, сөйтіп жинақтайтын және ауытқитын орауыштардан өтетін электрондар ағымын қалыптастырады. Өз кезегінде орауыштар электрондар ағымын люминоформмен жабылған экранның нақты нүктесіне бағыттайды. Электрондар ағымы кинескоп экранының бетін «бомбалайды», сөйтіп электрондардың энергиясы люминофор нүктелерін жарқырауға мәжбүрлейді. Люминофордың жарқыраған нүктелерінен монитор экранында кескін қалыптасады. Нүктелердің үш негізгі түсі бар: қызыл, көк, жасыл. Осы түстерді түрлі пропорцияларда араластыру жолымен, экранда түстердің толық палитрасы пайда болады.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаған жағдайда, кинескоптағы жоғары кернеу салдарынан монитор өртеніп кетуі мүмкін. Жылу алмасу монитордың бүйіріндегі тесілген қабырғалары арқылы жүреді, сондықтан оларды жабуға немесе монитордың үстіне қағаз және басқа заттарды қоюға болмайды.

7.3. сурет. СК мониторлар

Пайдаланушының денсаулығын сақтау мақсатында келесі шаралар қарастырылған:

  • қарсы беттен шығатын сәулелерден қорғау үшін кинсекоптың экраны берік композитты материалдан жасалады;

  • экранның бетінде сәулеленуге қарсы диоксидом кремний жабыны бар; статикаға қарсы жабын экранның бетін шаңнан қорғайды, сол арқылы электрстатикалық заряд жиналуының алдын алады.

СК мониторларда (7.3-сурет) басқа принцип - сұйық кристалдардың ерекшеліктері пайдаланылады. Ғалымдардың зерттеулері кристалл секілді кейбір сұйық заттардың тек қана электрмагнитті индукция векторы поляроидтың оптикалық жазықтығына параллельді жарықтың құраушысын ғана өткізе алатынын көрсетті.Бұл заттар сұйық кристалдар атауын алды.
Сұйық кристалды дисплейдегі поляризациялық жарық фильтрі екі бөлек жарық толқындарын шығарады да, тек поляризация жазықтығы оның білігіне параллельді толқынды ғана өткізеді. Екінші жарық фильтрінің білігін бірінші фильтрдің білігіне перпендикулярлы болатындай етіп орнатса, жарық өтуді толығымен тоқтатуға болады, яғни дисплей қараңғы болып тұрады. Екінші фильтрдің поляризация білігін айналдырып, яғни жарық фильтрінің білігі арасындағы бұрышты ауыстырып, өткізілетін жарық энергиясының мөлшерін, демек, экран жарықтығын да өзгертуге болады.
Үшінші, қосымша сәуле фильтрінде кескіннің әр пикселінде үш ұя бар- қызыл, жасыл және көк нүктелердің әрқайсысын бір-бірден бейнелеуге. Оларды әртүрлі мөлшерде қосқанда, түстер реңкінің үлкен мөлшеріне қол жеткізіледі. Бұл мониторлар түрінің күмәнсіз артықшылығы - электр энергиясы мен жылу алмасуды төмен мөлшерде тұтыну, жоғарғы жарықтық, қарама-қайшылық, электр магнитті сәулеленудің жоқ болуы.
Плазмалық мониторлардың (7.4-сурет) негізінде
ультракүлгін сәулелердің әсеріндегі люминофорлардың жарқырау принципі қолданылады. Бұл принциптің мәні - қатты сиретілген газ ортасында электр разряды кезінде сәулеленудің пайда болуы. Одан әрі электродтар арасында газ молекулаларынан, яғни плазмадан тұратын өткізгіш электр сымы пайда болады. Панель әйнектері бетінің ішкі жағына орналасқан көлденең және тік өткізгіштерге дабыл беріп, басқару схемасы сәйкесінше жолдық және кадрлік жайманы іске асырады.
Кескіннің әр элементінің жарықтығы плазма панелінің сәйкес ұясының жарқырау уақытымен белгіленеді: ең жарықтары үнемі жанып тұрады, ал ең қараңғы жерлерінде олар мүлдем жарқырамайды. Плазма панеліндегі кескіннің жарық жерлерінің жарығы бірқалыпты болып тұрады, сондықтан кескін мүлдем жылтылдамайды. Бұл осы технологияның үлкен басымдылығы. Сонымен қатар олар үлкен көлемді экран барысында сапалы кескінді қамтамасыз етеді, энергия тұтынуда үнемді және экран қалындығы азайғандықтан жеңіл.
Мониторды дұрыс орнату үшін үстел шетіне струбцинамен бекітілетін және монитордың үстел үстінде орналасуын реттеуге мүмкіндік беретін арнайы жылжымалы тұғыр қолданылады. Оған бір бүйірден емес, тік бұрыштан қарау керек.

7.4. сурет. Плазмалық мониторлар
Жарықтык пен қарама-қайшылықты қалыпты күйге келтіру керек. Егер монитормен жұмыс істеу барысында пайдаланушы жайсыздық сезінсе, экран кескінінің жарық және қарама-қайшылық параметрлерін дұрыстау керек. Бұны монитордың алдынғы панелінде орналасқан сәйкес батырмаларды таңдау арқылы жасауға болады.
Көз жанарын сақтау мақсатында аса көлемді немесе шағын жарықтық пен қарама-қайшылық орнатпауға кеңес беріледі.
Операциялық жүйелермен және бағдарламалар терезелерімен жұмыс істеу барысында стандартты түс схемаларын пайдалану, сондай-ақ аса жарық тітіркендіргіш түстерді қолданбау ұсынылады (оларды қолдану жанарға қосымша салмақ түсіреді және тез шаршауға ықпал етеді).
ЭСТ-мониторының экраны мен қаңқасынан 0,05 м қашықтықтағы кез келген нүктедегі жұмсақ рентгендік сәулеленудің экспозициялық мөлшерінің қуаты 100 мкР/с аспауы керек; кері жағдайда бұндай мониторда жұмыс істеу адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Монитор да, басқа техника секілді, күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, ол ұқыпты пайдалану мен алдын алу шараларына мұқтаж. Тек сол жағдайда ғана монитор ұзақ мерзім қызмет етіп, оған жұмсалған қаражат шығынының орнын толтыруы мүмкін.
Монитор және басқа да визуалды ақпаратты көрсететін құралдарға қалай күтім жасаған дұрыс болады? Біріншіден, суға салынған, оған қоса сода, ацетон, басқа да жуғыш заттарға немесе құрамына спирт қосылған басқа заттарға салынған шүберекпен ешқашан сүртпеңіз, өйткені олардың ықпалы жылтылдауға қарсы жабынға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол көбінесе аталған заттардың барлығы оның үстінде кепкеннен кейін шытынап кетеді.
Одан өзге, мониторды қосқан кезде электрондық-сәулелі түтікте бірнеше киловольт жоғарғы кернеу пайда болатынын есте ұстау қажет. Сондықтан компьютер қосылып тұрған кезде оның артқы жағына жанасуға, шаң сүртуге, компьютерде ылғал қолмен жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл талаптардың орындалмауы өкінішті салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет