53
Бұқара және тұтыну ақпарат секторы (ғаламдық
телекоммуникацияның
заманауи
құралдары
негізіндегі
жаңалықтар, қызметтер) мыналарды қамтиды:
-
жаңалықтар мен әдебиет – жаңалықтар қызметі мен
баспасөз агенттіктердің ақпараты, электрондық журналдар,
анықтамалықтар, энциклопедиялар;
-
қызметте емес, үйде пайдалануға бағытталған тұтыну және
ойын-сауық ақпарат – жергілікті жаңалықтар, ауа-райы, көлік
қозғалысы кестелері, ойындар, ауыстыру, сатып алу және сату
бойынша ұсыныстар, қонақүйлер мен мейрамханалардың
анықтамалықтары, валютаны айырбастау, машиналарды жалға
алу, турлар бойынша ақпарат.
Электрондық мәмілелер секторы негізінен банктік карталар
жүйелерімен, билеттер мен қонақүйлердегі орындарды резервтеу
жүйелерімен, тауарлар мен қызметтердің тапсырыстарымен,
сондай-ақ
биржалық,
банктік
және
есеп-айырысу
операцияларымен
ұсынылған.
Интернет
осы
салаларға
тұтынушылардың
көпшілігін,
сондай-ақ
алдында
жабық
жүйелердің көп санын тартты, олар, ақпаратты қорғаудың әлі
жеткіліксіз мүмкіндіктеріне қарамастан, бұл жүйені электронды
мәмілелерді жасау үшін пайдалана бастады.
Сондықтан Интернет осы нарықты электрондық сауданың
жылдам
дамитын жаңа саласына жедел айналдыруда.
Электрондық мәмілелердің жетілген нарығында қаржылық
(валюталық және қор), банктік және есеп айырысу операциялары
жүйелері, Интернетте мәмілелерге қызмет көрсетуге арналған
арнайы төлем жүйелері, ұшақтарда, пойыздарда, автобустарда,
қонақүйлерде, кемпингтерде билеттер мен орындарды резервтеу,
тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру қызметтері және т.с.с.
бар.
Электрондық ғаламдық коммуникациялар нарығында заманауи
байланыс құралдары мен адами қатынастар негізіндегі әртүрлі
жүйелерді
бөлуге
болады
–
деректерді
табыстаудың
коммерциялық және жария желілері, электронды пошта жүйелері,
ДК иелерін біріктіретін коммерциялық диалогтық жүйелер,
телеконференциялар, хабарландырулардың электрондық желілік
тақталары және бюллетендер және т.с.с. Интернет әлемдік
ақпараттық нарыққа осы сала арқылы енді және басқа байланыс
қызметтері мен компьютерлік желілермен қатарлас ұзақ өмір сүріп
дамыды.
Интернет ортасында іскери қатынастарды құруға мүмкіндік
беретін интернет-технологиялардың пайда болуы «интернет-
экономика» деп аталуы экономиканың жаңа түрінің пайда болуы
туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.