48
түрлі. Осы көрсеткіштер ретінде сенімділік көрсеткіштері,
функционалдық мүмкіндіктері, қызмет көрсетілетін клиенттер
саны, өнімділік, өткізу қабілеті, тактілі жиілігі, шақтық кедергілер,
жадының сыйымдылығы, пайдалану сипаттамалары, қызмет
көрсету технологиялары және т.с.с. болуы мүмкін.
Ақпараттық жүйе тиімділігінің жалпылама көрсеткіштер
жүйені жасау мен қызмет етуіне жүргізілген шығындардың
мақсатқа сәйкестігін сипаттайтын экономикалық тиімділігі
көрсеткіштері болып табылады. Шығындарды есептеу көп еңбекті
қажет етпейді, ал нәтижелерді есептеу күрделі, аяғына дейін
шешілмеген мәселе болып қалуда. Көбінесе пайда сараптамалық
баға жолымен және басқа ұқсас жүйелерге ұқсастырып
анықталады, ал әлеуметтік әсері мүлдем анықталмайды.
Ақпараттық жүйелердің экономикалық тиімділігі туралы
толығырақ біз курсты зерделеуді аяқтаған кезде айтамыз. Ал енді
ақпараттың қауіпсіздік мәселелеріне толығырақ тоқталайық,
өйткені қауіпсіздік АЖ ақпараттың сенімділігіне де, тиімділігіне
де, анықтығына да үлкен ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: