Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ



бет3/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Ақпараттық жүйелердің құрамы және құрылымы
1.1.1. Ақпараттық жүйелердің негізгі түсініктері
Жалпы мағынада жүйе деп – біршама тұтастықты құрайтын,
табиғаты
ерікті
объектілердің,
құрамдастардың
немесе
элементтердің жиынтығын атайды (білім беру жүйесі, ас қорыту
жүйесі, күн жүйесі және т.б.). Кейбір жиынтықты жүйе ретінде
бөліп шығарудың айқындаушы алғышарты онда оны құрайтын
элементтерінде жоқ жаңа қасиеттердің туындауы болып табылады.
Жүйелер өз арасында құрамы бойынша, сонымен бірге қызмет ету
мақсаттары бойынша айтарлықтай ажыратылады.
Жүйенің жалпылама үлгісі деп «қара жәшікті» санайды. Бұл
жағдайда жүйе – ішкі құрылысы талдаушыдан жасырылған
немесе белгісіз тікбұрыш түрінде болады. Алайда жүйе сыртқы
ортадан толығымен оқшауланған болып табылмайды, өйткені
соңғысы жүйеге біршама ақпараттық немесе материалдық ықпал
жасайды. Мұндай ықпалдар кіріс ықпал деп аталады. Өз кезегінде,
жүйе басқа жүйелерге белгілі бір ақпараттық немесе материалдық
ықпал жасайды, олар шығыс ықпалдар деген атауға ие болды. Бұл
үлгінің графикалық бейнесі 1.1. суретте берілген.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін қосу – оны құру мен
қызмет етуінің мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйенің
тағайындалуы – шешімдерді қабылдау үшін рас ақпаратты
уақытылы қалыптастыру және беру. Ақпараттық жүйелер
ақпаратты жинауды, сақтауды, өндеуді, іздеуді және кез келген
саладағы міндеттерде беруді қамтамасыз етеді. Олар ақпаратты
талдауға, мәселелерді шешуге және жаңа ақпараттық өнімдерді
жасауға көмектеседі.
А қ п а р а т

бұл
қоршаған
ортаның объектілері,
құбылыстары, процестері, оқиғалары туралы білімнің белгісіздігін
азайтатын
қоршаған
ортаның
объектілері, құбылыстары,
процестері, оқиғалары туралы мәліметтер.


6


1.1. сур. «Қара жәшік» түріндегі ақпараттық жүйенің үлгісі
Осы білімдер адамның санасындағы шындықты көрсетеді.
Ақпарат толық, рас, уақытылы, қайшылықсыз, адекватты болуы
тиіс.
Әр автор ақпараттық жүйенің анықтамасына, оның мағынасын
кеңейте немесе тарылта отырып, түрлі ерекшеліктер береді. Қазіргі
кезде ақпараттық жүйелерді автоматтандыру ұғымымен жиі
байланыстырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйе деп
атайды. Автоматтандыру – ақпараттық қызметтің әртүрлі
салаларына есептеу техникасын енгізу процесі болып табылады.
Бұл процестің мәні кәсіпорынның, ұйымның немесе саланың
жұмыс істеуінің өндірістік, әкімшілік, әлеуметтік және басқа
аспектілерін
басқарудағы
адамдармен
орындалатын
функциялардың бөлігі есептеу техникасына берілетіндігінде.
«Ақпараттық технология» және «ақпараттық жүйе» ұғымдары
арасындағы айырмашылықты түсіну қажет.
А қ п а р а т т ы қ т е х н о л о г и я — деректерді жинау, сақтау,
өндеу және пайдалану функцияларын орындауда есептеу
техникасы құралдарын қолдану амалдары, тәсілдері мен әдістері.
Ақпараттық технология ақпараттық жүйеге қарағанда анағұрлым
кең ұғым болып табылады. Ақпараттық технология ақпараттық
жүйеден тыс қолданыла алады, ал ақпараттық жүйе нақты
ақпараттық технологияны қолданусыз мүмкін болмайды.
Ақпараттық жүйелерге мыналар жатады:
- ақпараттық-анықтамалық және ақпараттық-іздеу жүйелері;
- құжат айналымын және есепке алуды (соның ішінде
бухгалтерлік) автоматтандыруды қамтамасыз ететін жүйелер;
-
басқарудың ақпараттық жүйелері;
- зияткерлік (сараптамалық) жүйелер;
- ғылыми зерттеулерді автоматтандыру жүйелері;
- автоматтандырылған жобалау жүйелері;
- геоақпараттық жүйелер және т.б.
Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйенің жұмысын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет