Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы



Pdf көрінісі
бет17/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121
1.2.  Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы 
Қазіргі  қоғамда  ақпарат  ең  маңызды  ресурстардың  біріне 
айналып,  ал  ақпараттық  жүйелер  қызметтің  барлық  салаларында 
қажетті  аспап  болды.  АЖ  көмегімен  шешілетін  міндеттердің 
әртүрлілігі  құру  қағидаттарымен  және  оларда берілген ақпаратты 
өндеу 
ережелерімен 
ажыратылатын 
әртүрлі 
жүйелердің 
бірталайының  пайда болуына әкелді.  
Ақпараттық  жүйелерді  әртүрлі  белгілердің  бірсыпырасы 


23 
 
бойынша саралауға болады.  
Автоматтандыру  дәрежесі  бойынша  ақпараттық  жүйелер  қол, 
автоматты және автоматтандырылған болып бөлінеді.   
Қол  жүйелер  ақпаратты  өндеудің  заманауи  техникалық 
құралдарының болмауымен және барлық операцияларды адамның 
орындауымен сипатталады.  
Автоматты  жүйелерде  ақпаратты  өндеу  бойынша  барлық 
операциялар  адамның қатысуынсыз орындалады.  
Автоматтандырылған  жүйелер  ақпаратты  өндеу  процесіне 
адам  мен  техникалық  құралдардың қатысуын бағамдайды, бұған 
қоса  деректерді  өндеудің  операцияларын  орындауда  басты  рөл 
компьютерге  беріледі.    Жүйелердің  осы  сыныбы  «ақпараттық 
жүйе» ұғымының қазіргі  түсінігіне  сәйкес келеді.  
Қолданылатын  деректер  түрі  бойынша  ақпараттық  жүйелер 
фактографиялық және деректі деп саралауға болады.  
Фактографиялық жүйелер құрылымдалған деректерді сақтау 
мен  өндеуге  арналған.  Осындай  деректермен  іздеу,  реттеу, 
сұрыптау,  біріктіру  сияқты  түрлі  операцияларды  орындауға 
болады.  
Деректі  жүйелерде  ақпарат  рефераттардан,  мәтіндерден, 
сипаттаудан  және  т.б.  тұратын  құжаттар  түрінде  ұсынылған. 
Құрылымдалмаған  деректер  бойынша  іздеу  семантикалық 
белгілерін  пайдаланумен  жүзеге  асырылады.  Іріктелген  құжаттар 
пайдаланушыға  беріледі,  ал  осындай  жүйелерде деректерді өндеу 
іс жүзінде жүргізілмейді.   
Ақпараттық  жүйені  құруда  немесе  саралауда  олармен 
шешілетін  міндеттерді  формальды  сипаттаумен  (математикалық 
және 
алгоритмдік) 
байланысты 
мәселелер 
туындайды. 
Нысандандыру  дәрежесіне  көбінесе  барлық  жүйе  жұмысының 
тиімділігі,  сондай-ақ  алынатын  ақпарат  негізінде  шешімді 
қабылдауда 
адамның 
қатысу 
дәрежесімен 
анықталатын 
автоматтандыру  деңгейі  тәуелді.  Міндетті  математикалық 
сипаттау  дәлірек  болған  сайын,  деректерді  компьютерлік  өндеу 
мүмкіндіктері  жоғары  болып,  оны  шешу  процесіне  адамның 
қатысу  дәрежесі  азая  бастайды.  Бұл  міндеттің  автоматтандыру 
дәрежесін анықтайды.  
Ақпараттық  жүйелер  құрылатын  міндеттердің  үш  түрін 
айырады: құрылымдалған (нысандандырылған), құрылымдалмаған 
(нысандандырылмаған) және ішінара  құрылымдалған.  
Құрылымдалған  (нысандандырылған)  міндет  –  оның  барлық 
элементтері  және  олардың  арасындағы  өзара  байланыстар  мәлім 
міндет.  Құрылымдалған  міндетте  оның  құрамын  шешудің  дәл 
алгоритмі  бар  математикалық  үлгі  нысанында көрсетуге болады. 
Мұндай  міндеттер  бірнеше  мәрте  шешуге  тура  келеді  және  олар 
әдеттегі  сипатқа  ие.  Құрылымдалған  міндеттерді  шешу  үшін 


24 
 
ақпараттық  жүйені  пайдалану  мақсаты  оларды  шешуді  толық 
автоматтандыру,  яғни  адамның  рөлін  жоққа  шығару  болып 
табылады.  Мысалы,  еңбекақыны  есептеу  міндеті  –  шешімдер 
алгоритмі толығымен анық құрылымдалған міндет. Осы міндеттің 
әдеттегі  сипаты  барлық  есептеулер  мен  ұсталымдарды  есептеу 
қызметкерлердің  көп  саны  үшін  айсайын  бірнеше  рет 
қайталанатындығымен анықталады.    
Құрылымдалмаған 
(нысандандырылмаған) 
міндет 
– 
элементтерді бөлу және олардың арасындағы байланысты анықтау 
мүмкін  емес  міндет.  Құрылымдалмаған  міндетті  шешу 
математикалық  сипаттауды  жасау  мен  алгоритмді  әзірлеудің 
күрделілігінен  үлкен  қиындықтармен  байланысты.  Мұндай 
жағдайларда шешімді адам тәжірибе және, мүмкін, әртүрлі ақпарат 
көздерінен  алынған жанама ақпарат негізінде қабылдайды.  
Кез  келген  ұйым  жұмысының  тәжірибесінде  толығымен 
құрылымдалған  немесе  мүлде  құрылымдалмаған  міндеттер 
айтарлықтай  көп  емес.  Міндеттердің  көбісі  туралы  олардың 
элементтері  мен  олардың  арасындағы  байланыстарының  бөлігі 
ғана  мәлім  деуге  болады.  Мұндай  міндеттерді  ішінара 
құрылымдалған  деп  атайды.  Мұндай  жағдайларда  ақпараттық 
жүйеде  алынатын  ақпарат  шешімді  қабылдайтын  адаммен 
талданады.  
Ішінара құрылымдалған міндеттерді шешу үшін қолданылатын 
ақпараттық жүйелерді екі түрге бөледі:  
1.  Басқарушы  есептерді  жасауға  және  деректерді  өндеуге 
(іздеу, сұрыптау, біріктіру,  реттеу) бағытталған. Мұндай есептерде 
қамтылған  мәліметтерді  пайдалана  отырып,  басқарушы  шешім 
қабылдайды.  Осы  түрдегі  ақпараттық  жүйелер  пайдаланушыны 
ақпараттық  қолдауды  қамтамасыз  етеді,  яғни  деректер 
базасындағы  ақпаратқа  қолжетімділікті  береді  және  қорытынды 
ақпаратты 
не 
біріктірілген  түрде  не  уақыттың  ерікті 
аралықтарындағы  әртүрлі  шамадағы  салыстырмалы  есептер 
түрінде алу мүмкіндігіне ие.   
2.  Шешімнің ықтимал баламаларын әзірлейтін жүйе. Бұл ретте 
шешімді қабылдау ұсынылған баламалардың бірін таңдауға саяды. 
Ақпараттық жүйелер үлгі немесе сараптамалық бола алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет