42
Үлестірілген өндеу кезінде базамен жұмыс (деректерді ұсыну,
оларды өндеу және б.) тұтынушы компьютерінде, ал деректер
базасын өзекті күйінде ұстау – серверде жүргізіледі. Бұл ретте
мұндай ДБ бірнеше серверлерде – компьютерлік желінің әртүрлі
тораптарында орналасады, ал кейбір деректер қайталануы мүмкін.
Ортақ ДБ бөліктерін орналастыру артық немесе артық емес
болады. Артық орналастыру кезінде бірыңғай ДБ бөліктерін
(фрагменттерін) қайталау дәрежесін анықтайды. ДБ тұтастығын
қолдау үшін оның барлық көшірмелерін үнемі түзетіп отыру керек.
Оның бөліктерін сақтау құны ұлғайған кезде, қайталау
артықшылықтары азаяды, бұл жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету қажеттілігімен байланысты.
Үлестірілген деректер базасын (ҮДБ) жасау екі міндетті –
біріктіру мен орталықсыздандыруды бір мезгілде шешуге
тырысудан болды.
Бірігу деректер базаларын орталықтандырылған басқару мен
жүргізуді білдіреді. Орталықсыздандыру деректерді олар пайда
болған және өнделетін жерде сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл
ретте жүйенің құны төмендеп, оның сенімділік деңгейі ұлғаяды,
сондай-ақ деректерді өндеу жылдамдығы артады.
Біртекті және біртекті емес үлестірілген деректер базаларын
ажыратады. Біртекті үлестірілген деректер базаларында бір ДББЖ
қолданады. Біртекті емес үлестірілген деректер базаларында
әртүрлі ДББЖ қолданады. Бұл ретте негізгі
проблема оларды
біріктірудің күрделілігінде.
Сақтау және өндеу процесінде ақпараттың растығын
қамтамасыз ету өте маңызды. Резервтік көшіру деректерді
жоғалтудан қорғай алады және дискінің сынуы, электр
қоректенудің іркілісі, зиянкестердің әрекеттері нәтижесінде
деректерді жоғалтуды алдын алудың ең сенімді тәсілі болып
табылады.
Деректерді жоғалтуды азайту және жоғалған деректерді
қалпына келтіру үшін жүйені мәселе туындағанға дейінгі күйіне
қайтаруы тиіс резервтік көшіру стратегиясы болуы қажет.
Резервтік көшіру деректер базасын қатты дискіде немесе
ақпараттың басқа тасығышында сақтайды. Деректерді сақтаудың
барынша сенімділігін қамтамасыз ету үшін сыртқы тасығыштарға
резервтік көшіруді ұдайы жүргізіп тұру қажет.