Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет43/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ 
ӨМІРЛІК ЦИКЛІ 
 
 
 
3.1. 
Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз 
етудің өмірлік циклі кезеңдері 
Өмірлік  цикл  ұғымы  ақпараттық  жүйелерді  жобалау 
әдіснамасының  негізгі  ұғымдарының  бірі  болып  табылады. 
Ақпараттық  жүйенің  өмірлік  циклі  -  ақпараттық  жүйені  құру 
туралы  шешімді  қабылдаған  сәттен  бастап  басталатын  және  оны 
пайдаланудан  толық  алынған  сәтте  аяқталатын  үздіксіз  процес. 
Ақпараттық  жүйелердің  өмірлік  циклін реттемелейтін халықаралық 
стандарт  ISO/IEC  12207  бар.  ISO  International  Organization  of 
Standardization  (Стандарттау  жөніндегі  халықаралық ұйым),  IEC —
International  Electrotechnical  Commission  (Электротехника  жөніндегі 
халықаралық комиссия) деп түсіндіріледі. ISO/IEC 12207 стандарты 
өмірлік  циклдің  құрылымын,  соның  ішінде  ақпараттық  жүйені құру 
кезінде  орындалуы  тиіс  процестерді,  әрекеттер  мен  міндеттерді 
анықтайды.  
АЖ  өмірлік  циклін  жүйені  құру  мен  пайдалану  процесінде 
онымен  болатын  оқиғалар  қатары  ретінде  көрсетуге  болады. 
Ақпараттық  жүйені әзірлеу белгілі бір кәсіпорын үшін орындалады. 
Кәсіпорын  қызметінің  немесе  оның  қызмет  етуі  пән  саласының 
ерекшеліктері ақпараттық жүйенің құрамына сөзсіз әсер етеді, бірақ 
сол уақытта әртүрлі кәсіпорындардың құрылымы бір-бірімен ұқсас. 
Әр  ұйым  өз  қызметінің  түріне  тәуелсіз  компанияның  осы  не  өзге 
қызмет  түрін  тікелей  жүзеге  асыратын  бөлімшелердің  қатарынан 
тұрады.  
Кез  келген  ұйымды  әрқайсысы  өз  құрылымына  ие  болуы  тиіс 
өзара  әрекет  ететін  элементтердің  жиынтығы  ретінде  қарауға 
болады.  Бөлімшелер  арасындағы  өзара  байланыстар  әжептәуір 
күрделі.  Жалпы  жағдайда,  кәсіпорын  бөлімшелері  арасында 
байланыстың үш түрін ажыратуға болады: 
— функционалдық  байланыстар  –  әр  бөлімше  бірыңғай  бизнес-


73 
 
процесс шегінде жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындайды;  
— ақпараттық 
байланыстар 
– 
бөлімшелер 
ақпаратпен 
(құжаттармен, факстермен, жазбаша және ауызша өкімдермен және 
т.б.) алмасады;  
— сыртқы  байланыстар  –  кейбір  бөлімшелер  сыртқы 
жүйелермен  өзара  әрекеттеседі,  бұған  қоса  олардың  өзара 
әрекеттесуі ақпараттық және функционалдық  болуы мүмкін.  
Кәсіпорынның  ақпараттық  жүйесі  кейбір  жоба  ретінде 
әзірленеді. Жобаларды басқару мен жобаларды әзірлеу кезеңдерінің 
кейбір  ерекшеліктері  (өмірлік  цикл  кезеңдері)  пән  саласынан, 
сондай-ақ жоба сипатынан тәуелсіз болып табылады. Әр жоба оны 
орындау  үшін  қажетті  жұмыстардың  күрделілігі  мен  көлеміне 
тәуелсіз,  өз  дамуында  белгілі  бір  күйден  өтеді.  Идеяның  пайда 
болуынан  бастап  жобаны  толық  аяқталғанға  дейінгі  даму 
сатыларының  жиынтығын  кезеңдерге  немесе  сатыларға  бөлу 
үйреншікті.   
Сатылардың  санын  және  мазмұнын  анықтауда  кейбір 
ерекшеліктер бар, өйткені  осы сипаттамалар көбінесе нақты жобаны 
жүзеге  асыру  шарттарына  және  негізгі  қатысушылардың 
тәжірибесіне  тәуелді.  Дегенмен,  ақпараттық  жүйені  әзірлеу 
процесінің  логикасы  мен  негізгі  мазмұны  барлық  жағдайларда  да 
ортақ болып табылады.  
Ақпараттық жүйе дамуының мына сатыларын бөлуге болады  – 
талаптарды (тұжырымдаманы) қалыптастару, жобалау, іске асыру, 
тестілеу,  жүйені  пайдалануға  енгізу,  пайдалану  (жобаны 
сүйемелдеу).  
Ақпараттық  жүйенің  өмірлік  циклі  оны  пайдаланудан 
шығарумен аяқталады.  
Әр  кезең  үшін  орындалатын  жұмыстардың  құрамы  мен 
реттілігін,  алынатын  нәтижелерді,  жұмыстарды  орындау  үшін 
қажетті  әдістер  мен  құралдарды,  қатысушылардың  рөлі  мен 
жауапкершілігін  және  т.б.  анықтайды.  Ақпараттық  жүйе  өмірлік 
циклін  осындай  формальды  сипаттау  ұжымдық  әзірлеу  процесін 
жоспарлап  ұйымдастыруға  және  осы  процесті  басқаруды 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Сатылардың  әрқайсысын 
егжей-тегжей қарастырайық.  
Ақпараттық  жүйеге  қойылатын  талаптарды  қалыптастыру 
сатысы  ең  маңыздылардың  бірі  болып  табылады,  өйткені  барлық 
жобаның  табыстылығын  анықтайды.  Бастапқы  сатыда  жүйенің 
қолданылу  саласы  белгіленіп,  шекара  талаптары  анықталады.  Бұл 


74 
 
үшін  әзірленетін  жүйе  өзара  әрекеттесуі  тиіс  барлық  сыртқы 
объектілерді  сәйкестендіріп,  осындай өзара әрекеттесудіің жоғарғы 
деңгейдегі  сипатын  анықтау  керек,  яғни  жүйенің  барлық 
функционалдық  мүмкіндіктерін  сәйкестендіріп,  олардың  ең 
елеулісін  сипаттауды жүргізу қажет.  
Осы сатыға мынадай кезеңдер енеді: 
1)  жұмыстарды жоспарлау. Осы кезеңнің негізгі  міндеттері: 
— әзірлеу мақсаттарын анықтау; 
— жобаны алдын ала экономикалық бағалау; 
— жұмыстарды орындаудың жоспар-кестесін құру; 
2)  автоматтандырылатын  объектіні  зерттеуден  өткізу,  оның 
шегінде мыналар жүзеге асырылады: 
— болашақ жүйеге қойылатын талаптарды алдын ала анықтау;  
— ұйымның құрылымын анықтау;  
— ұйымның нысаналы функцияларын  анықтау;  
— функциялардың  бөлімшелер  мен  қызметкерлер  бойынша 
бөлінуін  талдау;  
— бөлімшелер  арасында  функционалдық  өзара  әрекеттесуді 
айқындау;  
— бөлімшелер  ішінде  және  олардың  арасындағы  ақпараттық 
ағындарды талдау;  
— сыртқы дереккөзден түсетін ақпаратты талдау;  
— ұйым қызметін автоматтандырудың бар құралдарын талдау;  
3) зерттеу нәтижелері негізінде  ұйым қызметінің  үлгісін құру:   
-  зерттеу  сәтіндегі  ұйымдағы  істердің  күйін  көрсететін  және 
қызмет етуіндегі тар жерлерді айқындауға және жағдайды жақсарту 
(бизнес-процестерді 
оңтайландыру) 
бойынша 
ұсыныстарды 
тұжырымдауға мүмкіндік беретін «іс жүзіндегі»  (as-is) үлгісі;  
-  кәсіпорын  жұмысының  ең  оңтайлы  технологиясын  білдіретін 
«қалай болуы тиіс» (to-be) үлгісі.  
Үлгілердің  әрқайсысы  ұйым  қызметінің  функционалдық  және 
ақпараттық  үлгілерінің  жиынтығы  болып  табылады.  «Іс жүзіндегі» 
үлгіден  «қалай  болуы  тиіс»  үлгісіне  ауысу  тәсілдерін  анықтау 
қажет.  Ауысу  істегі  бизнес-процестерді  және  олардың  өндеу 
технологияларын  олардың  тиімділігін  бағалау  негізінде  жетілдіру 
жолымен  не  бизнес-процестер  мен  оларды  өндеу  технологияларын 
түбегейлі  қайта  жобалау  (бизнес-процестердің  реинжиниринг) 
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.  
Жобалау  сатысына  жүйенің  құрылымын,  оның  функцияларын, 
қызмет  етуінің  сыртқы  шарттарын  анықтау,  интерфейстері  және 


75 
 
пайдаланушылар  мен  жүйе  арасындағы  функцияларды  бөлу, 
бағдарламалық  және  ақпараттық  құрамдастарына  қойылатын 
талаптар,  орындаушылар  құрамы  және  әзірлеу  мерзімі  енеді. 
Жобалау «қалай болуы тиіс» үлгісі  негізінде жүзеге асырылады.  
Әр  сатының  шекарасы  уақыттың  кейбір  мезеттерімен 
анықталған,  оларда  белгілі  бір  сыни  шешімдерді  қабылдау, 
сәйкесінше,  белгілі  бір  негізгі  мақсаттарға  жету  қажет.  Қалған 
кезеңдердің  мазмұны  өмірлік  циклдің  тиісті  процестеріне  сәйкес 
келеді және ары қарай қаралатын болады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет