10
тарихи жағдайлардың елеулі айырмашылығына байланысты
әртүрлі өтті. Жоспарлы социалистік жүйе әртүрлі жолдармен
(адами, қаржы) материалдық ресурстарды қатаң регламентке
белгілеп
бөлді,
сондықтан
нарықтық
емес
экономика
кәсіпорындардың басшыларын ресурстарды үнемдеуге және
қаржылық,
материалдық
ағындарды
оңтайландыруға
ынталандырмады. Ал капиталистік қоғамда мүлдем басқаша
болды. Капитализм парадигмасында нағыз қожайын үшін
ресурстарды оңтайлы басқару міндеті әрқашан бірінші кезекте
тұрды. Осы объективті мән-жайларға орай Батыстағы басқару
жүйесін автоматтандыру қорларды басқару міндеттерін шешуден
басталды. Ал біздің елде ақпараттық жүйелерді енгізу
кәсіпорындардың бухгалтерлік және кадр бөлімшелерінен
басталды.
Алдыңғы жолы отандық ақпараттық жүйелер есепке алу
функцияларын орындап, кейін олардың жауапкершілік аймағы
басқару және жоспарлау
функцияларына таралды. Осымен,
нарықта ең көп сұранысқа ие «1С» компаниясының өнімдері мына
реттілікпен пайда болды: «Бухгалтерия», «Еңбекақы және
кадрлар», «Сауда және қойма», «Кәсіпорын». «БЭСТ», «Парус»,
«Галактика»
сияқты
отандық
басқа
фирмалардың
да
бағдарламалық өнімдері осындай даму кезеңдерінен өтті.
Кәсіпорындар автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді
қолданудың пайдалылығына көз жеткізгеннен кейін, басқарудың
барлық функцияларын автоматтандыруға көшті. Бұл ретте әртүрлі
бағдарламалық-аппараттық тұғырнамаларға негізделетін әртүрлі
фирмалардың бағдарламалық өнімдері пайдаланылды. Бүгінге
дейін өз бизнес процестерін басқаруды автоматтандыруға
тырысып жатқан көптеген кәсіпорындарда бағдарламалық-
аппараттық құралдардың алуан түрлілігін кездестіруге болады.
Құрақ автоматтандырудың нәтижесінде фирманың бөлімшелері
автономды, тіпті автоматтандырусыз жұмыс істегенге қарағанда,
кейде мүлде тиімсіз жұмыс істеуде.
Батыстық ақпараттық жүйелердің негізінде, дамудың басынан
бастап, ресурстарды сақтау, яғни материалдық және қаржылық
ресурстардың ағынын оңтайландыру идеясы жатты. Бұл
ақпараттық жүйелердің атауларында көрінісін тапты: IC (Inventory
Control — қорларды басқару), MRP (Material Requirements Planning
— материалдарға қажеттілікті жоспарлау), MRP II (Manufacturing
Resource Planning — өндірістік ресурстарды жоспарлау), ERP
(Enterprise
Resource
Planning
— корпорация ресурстарын
жоспарлау). Бұл батыс жүйелерін әзірлеушілер бухгалтерлік есеп
модуліне жеткілікті көңіл бөлмеді дегенді білдірмейді. Дегенмен,
есепке алу міндеттері басқару міндеттерімен тығыз байланысты.
Бүгінде біздің елде іскери орта екпіндеп өзгеріп жатыр:
11
компаниялардың сыртқы және ішкі байланыстары кеңейіп, бизнес-
процестердің жылдамдығы ұлғаюда. Ақпараттық технологияларға
қойылатын талаптар артып, басқару жүйелерінің жылдам дамуына
ықпал етеді. Нәтижесінде ақпараттық жүйелер бір мезгілде
автоматтандыруға жаңа тәсілдерді талап ететін жаңа бизнес-
үлгілерге себепкер болып, басқарудың маңызды құралдарының
біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: