58
толықтыруға қабілетті. Сараптамалық жүйелер мен жасанды
интеллект жүйелері деректерді өндеу жүйелерінен оларда негізінен
деректерді ұсынудың символды (сандық емес) тәсілі, шешімді
символды шығару мен эвристикалық іздеу пайдаланатындығымен
ерекшеленеді.
Сараптамалық білім - бұл мәселені теоретикалық түсіну мен
оны шешу үшін осы пән саласында тиімді эвристикалық ережелер
жиынының
үйлесуі.
Сараптамалық
жүйелердің
көпшілігі
мамандандырылған пән салалары үшін жазылған болатын, осы
салалар жақсы зерттелген және шешімдерді қабылдаудың нақты
анықталған стратегияларына ие. Сараптамалық жүйелердің
жігерлендірілетін перспективаларына қарамастан, бұл технологияның
мүмкіндіктерін асыра бағалау қате болар еді. Негізгі проблемалары
мынадай:
—
пән саласының «терең» білімдерін табыстаудағы қиындықтар;
—
икемділіктің жетіспеушілігі. Егер адамдардың алдында олар
дереу шеше алмайтын міндетті қойса, онда олар әдетте алдымен негізгі
қағидаттарын зерттеп, проблеманы шешуге өту үшін қандай да бір
стратегияны жасап шығарады. Сараптамалық жүйелерге осы қасиет
жетіспейді;
— дәлелді түсініктемелерді ұсынудағы қиындықтар. Әдетте
шешімді іздеуде жасалған қадамдарды сипаттаумен шектеледі;
— тестілеудегі қиындықтар. Кез келген үлкен компьютерлік
жүйенің дұрыстығын негіздеу қиын болғанымен, сараптамалық
жүйелерді тексеру өте қиын;
— тәжірибеде оқытудың шектеулі мүмкіндіктері.
Осы мәселелердің анық шешімі – бағдарламаларды тәжірибеде,
ұқсастықта немесе мысалдарда өздері оқуына «мәжбүрлеу». Осы
шектеулерге қарамастан, сараптамалық жүйелер көптеген маңызды
салаларда өз құндылығын дәлелдеді.
Әдеттегі сараптамалық жүйе мына негізгі құрамдастан тұрады:
пайдаланушының интерфейсі, деректер базасы, түсініктеме беруші,
жүйені жасау модулі, түсініктемелердің қосалқы жүйесі (2.1. сур.).
Достарыңызбен бөлісу: