АЖ атқарымдық бөлімі
— қосалқы жүйелер кешені, олардың
әрқайсысы пәндік саланың көптеген ақпараттық жүйесін шешеді.
Эвристика
— сарапшының формалді емес пікір айту ережесі.
Сараптау жүйесі
— нақты пән салаларындағы мамандардың білімін
жинақтайтын және осы тәжірибені біліктілігі төмен қолданушылар үшін
тарататын күрделі бағдарламалық кешен.
Тиімділік
— оны алуды қамтамасыз ететін, шығындарға қатысты
нәтиже ретінде анықталатын үдеріс, операция, жоба нәтижелігі,
салыстырмалы нәтиже.
АЖ тиімділігі
— жүйені құру кезінде алға қойылған мақсат дәрежесі.
|