Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Деректер базаларының құрылымдарын экспорттау



Pdf көрінісі
бет29/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

1.4.4. 
Деректер базаларының құрылымдарын экспорттау 
Ақпараттық  жүйемен  жұмыс  істеу  кезінде  бір  деректер 
базасынан  басқасына  деректерді  ауыстыруды  жүргізу  талап 
етілетін  жағдайлар  пайда  болуы  мүмкін.  Бұл  процесті экспорттау 
деп атайды.  
Деректерді  экспорттау  ДБ  басқа  физикалық  тасығышқа 
аударған кезде, ДБ көшірмесін  жасаған кезде, ақпараттық жүйелер 
арасында деректерді ауыстыру кезінде талап етіледі. АЖ арасында 
деректерді ауыстыру міндеттері жүйелердің пән салалары қиысқан 
кезде  туындайды,  бұл  олардың  бір  деректермен  келісілген 
жұмысына  әкеледі.  Мысалы,  иерархиясы  әртүрлі  деңгейдегі 
жүйелер  (министрлік  пен  бағынышты  ұйымның  ақпараттық 
жүйелері), 
не 
кәсіпорындағы 
бухгалтерлік 
есептің 
автоматтандырылған  жүйесі  мен  есептілік  келіп  түсетін  салық 
инспекциясының  ақпараттық  жүйесі  және  т.с.с.  болуы  мүмкін. 
Деректерді  экспорттаудың  күрделілігі  деректер  дереккөзі  мен 
алушысының 
сипаттамаларына 
және 
олардың 
бір-біріне 
сәйкестігіне 
тәуелді. 
Экспорттау 
деректерді 
қарапайым 
ауыстырудан немесе ауыстырылатын деректерді түрлендірудің бір 
қатарын орындаудан тұруы мүмкін.  
Деректерді түрлендіру мына түрде болуы мүмкін:  
— қайта  аталу  –  дереккөздің  деректер  объектілері  (кестелер, 
өрістер және т.с.с.) алушының деректерді ұйымдастыруына сәйкес 
аттар алады;  
— қайта құрылымдау – дереккөздің ДБ құрылымын алушының 
құрылымына сәйкес өзгерту;  
— біріктіру  –  ДБ  біршама  жиынтық  немесе  қорытынды есепті 
алады;  
—  кодтау  және  қайта  кодтау  –  деректер  олар  алушының  ДБ 
кодтау жүйесіне сәйкес келетіндей етіп өзгертіледі;  
— айырбастау – алуышының ДБ атрибут форматына келтіру;  
— келісу  –  әртүрлі  ДБ  бір  ақпаратты    көрсетудің  әртүрлі 
тәсілдері  пайдаланылуы  мүмкін  (мысалы,  километр  мен 
метрлерде), олардың келісуін  қамтамасыз ету керек; 
— мәндердің ұйғарындылығына тексеру.  
Осылайша,  экспорттау  кезінде  деректерді  түрлендіру  – 
сұраулардың  арнайы  алгоритмін  құруды  талап  ететін  күрделі 
міндет.  
 
 


47 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет