Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет50/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

§ 12. Нащпыльщ және абстрактылык,
Нақтылық пен абстракция туралы үғым, идея тақырыбында 
біршама сөз болған. Олай болатыны, олардың бәрі де бір-бірінен 
алаңсыз оқшаулыкта емес, ішпей астасып жатыр. Бірақ, нақтылықты 
және абстрактылыкты толық айқын ету үшін арнайы сөз еткен жөн.
Абстракция
(лат. - бөлу, оқшаулау) - заттың, қүбылыстың белгілі 
бір жағын, белгісін оның тұтас бірлігінен ажыратып, тек соны елеу, 
кору. Ойлау туралы күнделікті омірде қалыптасатын түсінік бойын­
ша және эмпирикалық логикада абстрактылык, абстракция тек ойла- 
удың туындысы, ойлаудың, жалпы психикалық қызметтің қасиеті. 
Үғым - мысалы, тек абстрактылык форма, ал сезімдер, заттар туралы 
елестер, көрнекі сурет бейнелер - нақты. Оның үстіне бүлай ойлауда 
нақтылық тек өмірде бар нәрселердің касиеті, абстрактылык омірде 
болмайды, абстракциялар тек ойлауда болады.
Бүл терминдерді бір-біріне әрі карама-қарсы, әрі ажырамас бай- 
ланыста қараған Гегель еді. Оның бүл туралы ойларын дамытқан 
К.Маркс болды. Бүлардың түсінуінде нақтылық та, абстрактылык та 
ең алдымен болмыста, өмірде, реальдық қатынастарда, заттарда бо­
латын қасиет және соған байланысты ойлауда да үлкен орын алады. 
Гегельдің де, Маркстің де нақтылыққа беретін анықтамасы: саналу- 
андықтың бірлігі, түтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, про­
цесс, күбылыс түтас нәрсе, олардың әр қайсьісы көптеген қасиет- 
тердің, белгілердің, катынастардың ішпей байланысқан бірлігі, оқша- 
уланған түйіні. Заттың барлықжеке қасиет, белгілері оның ішкі бірлігін 
күрайтын негізгі занды байланысының көріністері, олардың басқа 
заттармен қатынастарының көріністері. Түтастық не бірлік кездей- 
соқ нәрселердің, бір-біріне селкос нәрселердің жиынтығы емес, 
бірінен бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, 
бірақ әртүрлі күбылыстардың дербес түтастығын нақтылық дейміз. 
Мысалы, жер басқа аспан денелерінен біршама дербес нақты түтас- 
тьщ, тіршілік, органикалық дүниесі, адамдар қогамы, қоғамдагы әрбір 
жеке халық, мемлекет т. т. Басқа дүниелермен қаншалықты тәуелді 
байланыста болса да, олар сол шеңберде озіндік іштей дербес байла- 
нысқа қүралған. Оз ішінде олардың қаншалық саналуан түрлері бар 
болса да, олардың жалпы табиғаты бір.
Ягни, нақтылық түтастықтан бөліп алган жеке қасиет бола ал­
майды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, ол басқа дүниемен сол 
дербестігінің негізінде қатынас жасай алмайды.
Абстрактылык осындай дербес түтастықтардың ажырамас бір 
жағы, касиеті, белгісі т. т. Олар да ойдан гана туындайтын нэрселер
108


емес. Абстрактылық сондықтан қарапайымдылық, жетілмегендік, 
сыңаржақгылықпен барабар. Бірақ дербес іштей күрделі түтастықтар- 
дың дамуында, өрістеп, тіршілік ауқымын кеңейтуде абстрактылык өз 
алдына оқшауланып, біршама дәрбестікке жететіні болады. Яғни өмірдің 
озінде абстрактылык қүбылыстар, формалар, катынастар болады. 
Мысалы, К.Маркс өзінің экономикалык зерттеулерінде адамдық қаты- 
настардың сыңаржакты дамуына үнемі философиялық талдау беріп 
отырады. Оның айтуынша абстрактылык қатынастар, заттар ғана емес, 
абстрактылык адамдар да бар, тіпті олардың көпшілігі тірі абстракци- 
яларға айналады. Товарлы өндірістің дамуы, оның әсіресе жоғары 
деңгейлері жан-жақгы орбіген қоғамдық еңбек болісіне байланысты. 
Әуелгі кездегі іштей жіктелмеген түтас ондірістік қызметтер кейін 
болшектеніп, бір адамның атқаратын қызметі көптеген қарапайым 
операцияларға айналып кетіп жатады. Жеке адамдар көбінесе кара- 
пайым бір операцияны, қарапайым функцияны атқара бастайды. 
Өндіріс процесіндегі осындай жеке функцияны адамдар, сол функци- 
яның озі, ол - сьщаржакты нэрселер, түтас күрделі процестердің бір 
болмашы кезеңі ғана. Сол сияқты коп товарлардың ішінен бір товар- 
дың-алтынның - болініп шығып, өзінің қүны арқылы баска барлық 
товарлардың қүнының көрсеткіші болуы, алтынның жалпы құн атау- 
лының барлық товарлардан, олардың заттық болмысынан окдіау, өз 
алдына дербес тоніне, болмысына айналуы - бүл өмірдегі абстракция. 
Өйткені ол - барлық товарларға тән бір қасиеттің олардың бәрінен 
бөлініп, оз алдына тәнге ие болып алған және барлык баска товар- 
ларға қарама-қарсы түрған ұлы мөртебелі Қүн. Бұл алтынның ақшаға 
айналуы. Ал жүмыс күшінің өзі, яғни адамдардың өздері - товарға 
айналған жағдайда, үлы мәртебелі қүн адамдардың да өздерінен тыс, 
өздеріне үстемдік ететін абстрактылық күші болып шығады. Бүл бүрын 
айтылған жаттанудың көрінісі, яғни адамдардың жеке бір күшінің, жеке 
бір қасиетінің олардың өздеріне үстемдігі. Бүл процесте шын түтас- 
тыктың мағынасы бүзылып, абстрактылык нақгылық сияқтанып, ал 
нақгылық абстрактылыкка айналып кеткен.
Өмірдің озінде осындай жалған көріністің пайда болуы адамдар- 
дьщ озін олардың ойлауында шын нақгылық қайсы және шын абстрак­
тылык кайсы екені жонінде адасушылыққа соқгырады. Эмпирикалық 
логиканың (Локк т. б.) абстракция мен накгылык туралы концепциясы 
тап осы омірдегі жалған көріністің кошірмесі. Олар да күбьшыстарға 
тән бір ортак қасиетті боліп алып, олардың барлығының шын табиғаты 
осы деп түсіндірмеуші ме еді? Осындай адасушылықгың әлеуметгік негізі 
бар, сондықган да олардан тазарту соншалықгы киын. Төңкерілген дүни- 
енің тоцкерілген санасын орнына келтіру үшін дүниенің өзін аяғынан 
түрғызу қажет. Бірак, оны түсіну үшін бүл міндетті емес.
109




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет