§ 15. Өлшем (мера) Өлшем сандық қатынастардың болмыстың нақты тікелей айқын-
дықтарына бейтараптығының да белгілі бір шегі барлығын көрсетеді.
Сандық, көлемдік өзгерістер сападан тыс, оған сырт өзгерістер, бірақ,
әрине, сол сапаның сандық өзгерістері. Сандық айқындықты болмы-
стың өзінің нақты айқындығына немқұрайды қалпы дегенбіз. Сан-
дық өзгерістерге ұшырап жатқан болмыс сапалық жағынан өзіне өзі
теңдігін сақтайды. Ол өзгеріс болмыстың өзіне өзі бейтарап жағы.
Сандық айқындықтың сыртқы болатынының белгісі оның айқын-
дығы өзінде емес, өзгеде.
Өлшемде сапа мен санның әрқайсысы өз сыңаржақтылығында
біріккен. Онда болмыс сандық ұласудан өзіне оралған, сандық пен
сапалық ішкі кезендеріне айналған. Яғни, ол болмыстың сандық сырт
тай өрістеуден өзінің нақты сапалығына қайта келген қалпы. Сандық
өрістеуде белгілі бір шекке тірелгенде оның жалаң сандық сипатында
сапалық келбеті көріне бастайды.
Өлшем категориясын философия тарихында алғаш кең түрде
талдаган Гегель болды. Онда мәнділіктің ең алгашқы нышаны пайда
болады дейді22. Оның белгісі Гегельдің айтуы бойынша болмыстың
озге формаларынан оралып, өзіне өзінін катынасының болуында,
болмыс тікелей озіне озінің тепе-теңдігінен, озіне озінің дәнекер-
ленген қатынасына келеді. Бүл оның озіне өзімен дәнекерленуі. Сырт
тай орістеген әрі бейтарап түрпаттағы біркелкі жіктелуден өзіне қай-
тып оралу бүрынғы қалпын тек сол күйінде қайталау емес, енді онда
сыртқы селқостык түрінің аржағында астарлы түпкі мәннің барлығы
көріне бастайды. Бірақ өлшемдік формада мәнділік өлі айқын жіктел-
меген, күңгірт. Сандық озгерістердің сапасы ешқандай нүқсансыз
мәңгі бола бере алмайтындығына ежелгі грек ойшылдары да көңіл
аударган. Аристотель сипаттаған “эленхи” деп аталған әдістер де осы
ны көрсетеді. Осындай әдістер бойынша сүхбаттасқан кісіні оның
бүрынғы айтқан пікірінен бірте-бірте оган қарама-қарсы пікірге алып
келуге болады. Мысалы, “Қасқа” , “Үйінді” деп аталатын сол әдістің
үлгілері болган. Мысалы, мынандай сүрак беріледі: адамның басы-
нан бір тал шаш жүлып алса, ол қасқа бола ма, ал үйіндіден бір дәнді
алса, үйінді жогала ма дейді екен. Оган, әрине, әркім-ақ ойланбас-
тан, жоқ болмайды, жогалмайды деп жауап беруі хақ. Ал осыны қай-
талай беру ерте ме, кеш пе, бастың қасқа болуына, үйіндінің жогалу-
ына әкелетіні де рас. Осы соңгы сәтте бір шашты жүлу, қасқалыкка
әкелмейді, бір дәнді алу үйіндіні жогалтпайды деу ақиқаттыгынан