бірдеңе.
Бірдеңе өзі
озімен дәнекерленген, іштей әртүрлілікке келіп, олардың озара каты-
сына қүралган сапа. Ол өзін өзі терістеуді терістеу. Сөйтіп өзімен озі
тендік қатынасқа келу. Ягни әрбір нақты өзгешелігі бар нәрсенің озі
өзін тек үнемі қозгалыста, озгерісте сақтайтындықган оның жалпы
сипаттамалары: әрі өзіне өзі тең, барабар, әрі тең емес, әрі бар, әрі
жоқ, әрі оз шеңберінен шыгып жататынын, әрі өзіне қайтып орала-
тынын, әрі шексіз, орі шекті екенін айтып отырмыз. Өмір деген то
лассыз тасқын болатын болса, онда байқауга, ажыратуга болмайтын
шексіз бірдейлік қана бар деген үгым шықпайды. Мәңгілік агымда да
біршама түрақты формалар қүралып, олардың ішкі қатынастары бо
лады.
135
§ 8. Бірдеңе және өзге (нечто и иное)
Өзінде, өз ішінде өзгені ашқан, ажыратқан нақты болмысты
бірдеңе деп атадық. Яғни бірдеңе өзінің өзгесімен ғана бірдеңе. Бүл
екі айқындық енді тікелей бір нәрсе емес. Олар айқьіндалған, шека-
ралары ажыраған, тіпті бір-бірінен бөлек, оқшауланған нақгы.бол-
мыстар. Мүнда барлық пен жоқй>Гқгьщ екеуі де болмыс екендігі айқын
көрінеді. Өйткені екеуі болмыстың әртүрлі анықтамалары.
Бірдеңе де, өзге де белгілі бір қатынаста ғана осындай сипатта,
яғни олардың қайсысын алсақ, сол - бірдеңе, ал екіншісі - өзге. Оларды
керісінше алсаң да солай болып шығады. Жалпы алғанда олардың
екеуі
әрі бірдеңе, әрі өзге. Олардың әрқайсысы оз бірдеңесінің
өзгесі және оз бірдеңелері оның өзге болмыстары.
Осылай анықтау тек сырттай караудың, салыстырудың нәти-
жесі сияқты корінеді. Бірдеңені баска сондай қүбылыстардан ажыра
ту үшін біз “осы ”, “мынау” деген сөздерді қолданамыз. Яғни ол
бірдеңені басқалардан сырттай болу, окдіаулау. Бірақ екінші жолы
басқа бір нәрсе “осы” болуы мүмкін.
Бірақ, сырттай катынаста емес, болмыстың өзінің ішкі табигаты-
нан қарасақ, ал бүл ең дүрыс нәрсе, бірдеңе өзінен озі бірдеңе, сол
сияқты озге де озінен өзі өзге. Мысалы, біздің қандай түрғыдан кара-
уымызға тәуелсіз қоғамды, мәдениет дүниесін жасайтын адамдар осы
қатынаста өзінен озі бірдеңе, олар өзіне өзі негізделген барлық, ал
қоғам, мәдениет олардың туындысы болғандықтан осы бірдеңенің
озге формасы, олардың өзіне озге форма беруі. Адамды мәдениет
арқылы тануға болады, мәдениетті адам арқылы да тануға болады.
Сырттай салыстырмалы катынаста олар тең нэрселер сиякты, қайсы-
сын бүрын алсақ, сол - нақты болмыс, ол екіншісі - өзге. Бірак бол-
мыстың тәуелсіз оз табиғатында адамдар бірінші, жаратушы, ал мә-
дениет туындысы. Өз мәдени мазмүны әлі өз бойында, жан дүниеде,
* ойлануда жетілу түсында, оларды әлі өзінен бөліп, өзінен тыс бол
мыс бермей түрғанда адамдар накты бар болмыс ретінде озіне озін
карсы қоймаған, озіне озі түйықталған тікелей (непосредственно)
нақты бір болмыс. Ал өзіне озге форма беріп, өзінен тыс, өзіне карсы
және өзіне жүзбе жүз қатынасқа келген қоғамдық қатынастар, мәде-
ниет т.б. формалар оны қоршаған богде дүниедей болып түрған кезде
бірдеңеге де, өзгеге де байланысты, бірак екеуі екі дүниедей. Яғни
сападан озгеше бірдеңе енді тікелей форма емес, дәнекерленген фор
ма. Оның кезендері, ягни озі және озінің озге формасы оқшау. Өзінің
озге формасымен енді ол сырттай рефлексиялық қатынасқа келеді.
Осы рефлексияның табигаты неде?
136
Бір жағынан алғанда бірдеңе де, оның өзгесі де әрқайсысы дер
бес болмыстар, бірақ олардың осы дербестігінің сипаты қандай? Ең
алдымен бірдеңе өз ішінде де бірдеңе, өзгеге қатынасында ғана емес.
Оның бірдеңелігі оның өзінің тәуелсіз табиғаты. Сол сияқты өзге де
өз бетінше өзге, оның ішкі табиғатының өзі осы өзгелік. Яғни олар-
дың әрқайсысының осы негізгі анықтамасы олардың өзіне өзінің
қатынасы, өзіне өзінің тепе-тендігі. Басқаша айтсақ, бірдеңе тек өзге
үшін ғана емес, ең алдымен өзі үшін бірдеңе. Сол сияқты өзге де
алдымен өзі үшін өзге. Ол өзгенің өзгесі. Бүл айқьшдықтар олардың
өзіне өзінің қатынасы (рефлексия). Яғни өзіне өзінің тепе-тендігінде
(тождественность) бірдеңе болмыс ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |