Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
§ 
5
. Субъект және объект.
Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқын- 
дыктары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика ф и­
лософиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиет- 
тердің, козгалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозгалыстары, 
белгілері екенін корсететін үгым деген магынада қолданган. Ягни 
субъект - солардың бәрінің негізі немесе иесі. Қасиет ненің немесе 
кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, соз не немесе кім туралы бол­
са, сол субъект. Бүл түргыдан субъект субстанция үгымына жақын 
болды.
XVII гасырда субъект мен объект терминдері таным теориясын- 
да гана колданылды.
Қазіргі кезенде гана субъект мен объект адамның дүниені озгерту, 
игеру жэне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, ягни, 
субъект
оз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жара- 
тымпаздық жэне таным кызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп 
түсінетін козқарас пайда болды. Субъект, ол - әрбір жеке адам, ал 
адамдар қогамдасқан түрінде, олар бәрі бірге - өздерінің тарихи-әле- 
уметтік дүниесінің, соны жасаудагы тарихының бірден-бір авторы. 
Ягни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қогамында ешбір басқа нәрсе 
олардың пайда болуының, дамуының себепшісі бола алмайды. Субъ­
ект осы дүниеде ең акыргы себеп, әрі ақыргы нәтиже.
Объект субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байла- 
ныстагы іс-әрекеттің екінші жагы, кезеңі. Объект озгерту қызметінің 
багышталган нәрсесі, ягни адам жасампаздык қызметінде нені өзгер- 
тетін болса, сол объект. Объектіні көбіне адамнан, оның әрекетінен 
тыс болган, тек сыртқы дүниеден қызметтің шеңберіне тартылган 
болігі деп түсіндіріп келді, мысалы табигаттың адам озгертетін затта- 
ры.
9 - 3 6 1
129


Бірақ бұл объектіні адамнан тыс күштер деген үғым туғызады. 
Ал адамның қызметі табиғатынан рефлексиялық қатынас. Оның мәні 
неде? Адамның қызметі сыртқы дүниені игеруге бағытталғандығы 
оның тек бір жағы. Оның екінші жағы өзінен тыс күштерді игеру 
арқылы өзін, өз мазмүнын, мәнін, табигатын, қабілеттерін қалпына 
келтіру, жасау, шындау әрі дамыту. Яғни сыртқы дүниемен өзара 
ықпалында адам қызметі түбінде бәрі бір өзіне бағышталған. Ол 
сыртқы дүние арқылы өзіне, өзі арқылы сыртқы дүниеге катынас 
жасайды. Ең алдымен оның басқа адамдармен байланысы осындай. 
Сондықтан да объект субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір 
кезеңі. Яғни адамның озі барлық процесті игеретін иесі ретінде бол­
са, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде объект. Барлық процестің 
түпқазығы адамның өзін өзі өзгертуі, жасауы болатын болса, онда 
оның өзі өзіне бір жағынан объект болғаны. Объектіні сондыктанда 
субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дүрыс сияқты.
Адам, әрине, көп процестерді, соның ішінде тіпті өз бойындағы 
процестердің де, бәрін бірдей игеріп реттей алмайды. Адам оз тәніндегі, 
мысалы, физиологиялық процестерді де солай толык игерген емес, 
олар оның реттеуімен жүрмейді. Яғни өзінен тыс және бойындағы 
коптеген табиғи нәрселердің адам субъектісі емес. Әлеуметтік дүни- 
еде де, ягни өзі жасайтын дүниеде коптеген оның нәтижелері мен 
сипаттары оның ырқына тәуелсіз. Ол жонінде бүрын айтқанбыз. Сон- 
дықтан адам тек оз ырқының ықпалындагы процестерге гана субъ­
ект.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет