Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


ішкі кдй-  шылығы туады. Өндіріс түтынуға, ал түтыну ондіріскс ауысады.  Олай



Pdf көрінісі
бет95/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128
ішкі кдй- 
шылығы туады. Өндіріс түтынуға, ал түтыну ондіріскс ауысады. 
Олай 
болса, кандай да болмасын бүтіндік қарама-қайшылықтаріа 
күрылгап.
1 5 - 3 6 1
217


Іштей әлі жіктелмеген тұтастық кейін жетіле келе өзінен бөгде фор­
малар туғызады.
Сондықтан бастапкы бөлікті (форманы) субстанциялық бөлік 
деп атауга болады. Дамуының басында ол форма, бірақ, бөлік емес, 
оны бүтіндіктің алғашқы үрығы десе де болады, себебі, ол әлі өзінің 
өзгеше формаларын туғызған жоқ, яғни әлі бүтіндікке де айналған 
жоқ. Өзінің табиғатын үнемі қайта жасап отыру жолында міндетті 
түрде өтуі қажет формаларының бәрін тарихи туғызғаннан кейін ғана 
бүтіндік толысты деп айтуға болады. Тек осыдан кейін ғана алғашқы 
бастапқы форма өзінің толысқан бүтіндігінің бір бөлігіне айналады. 
Бөліс, айырбас, түтыну өндірістен бөлініп оз алдына түтас күрделі 
салаларға айналғаннан кейін өндірістің өзі де сол бүтіндіктің қатар- 
дағы, басқалармен бірдей бөлігі болып қалады. Басқа бөліктердің бәрі 
сол бөліктің туындысы, соған бағынышты кезендер, бірақ, бүл бағыны- 
штылық, олардың шығу тегінің сол бастапкы бөлікке барып тіре- 
летіні - енді тікелей көзге көрінбейтін, теренде жаткан сабактастык. 
Соны мен, кемелденген бүтіндіктің шеңберінде солардың бәрін 
туғызған нәрсе енді өзі өз бүтіндігінің бөлігі, қысқаша айтса, өзі өзінің 
бөлігі болып шығады.
Бүл қарапайым көзқарас үшін бір акылға сиымсыз ой болып 
көрінуі мүмкін, себебі ол кайшылықтың табиғатын түсіне бере ал­
майды.
Бүдан шығатын тағы бір қорытынды - бүтіндік процестің 
ақырында пайда болған нәтиже ғана емес. Нәтиже озіне алып келген 
бүкіл жолымен бірге ғана бүтіндік бола алады. Өткен даму жолынан 
бөлек нәтиже, Гегельдің созімен айтсақ, ол жанды нәрсе емес, өлек- 
се.
Яғни бүгіндікті даму идеясынсыз түсіну мүмкін емес. Оның тағы 
бір себебі мынада. Өзінің сыртқы формальдык жагынан қараса, бүтіндік 
сыртқьі ыкцалға, сырткы мазмүнға тастай жабык, түйықгалған процесс 
сияқгы. Тек дамудың түрғысынан карағанда ғана бүгіндік сыртқы мазмүнға 
ашық екені айқындапады. Бүгіндік тек сырткы мазмүнды игеру жолында 
гана үнемі өзін кайтадан калыптастырып, тарихи откен жолын жаңаша, 
озгеше түрде кайта өтеді. Шеңберіне тартылган әрбір жаңа мазмүнды ол 
өзінің нақгы ерекше табиғатына сәйкес толық өзгертуі тиіс. Ягни ол мазмүн 
оның негізгі бөліктеріне, солардың ерекшеліктеріне ауысу жолынан отуі 
кажет. Тек жаңадан қосылган мазмүнды игеру аркылы гана бүтіндік өзінің 
барлык формаларын кдйтадан жасап, бастапқы формасына кайта орала- 
ды. Бірақ ол екінші жагынан біршама жаңарган форма. Әрі өзі әрі бөгде.
Осы циклдік жолмен дамудың тагы бір ерекшелігі мынада. Бас­
тапкы форма, ягни, субстанциялық болік озінің әрбір бөгде форма- 
ларына ауысканда озін бір жагынан сақтай отырып екінші жагынан
218


түгелімен сол бөгде формаға өтеді. Игеріліп жатқан жаңа мазмүн түпкі 
негізінен келесі оның бір болігіне айналғанда бүкіл бүтіндік, оның 
бастапқы формасынан бастап осы бөліктің сапасына ауысады. Яғни 
барлық баска бөліктер осы бөліктің көріну формаларына айналады. 
Игерілу үстінде түрған жаңа мазмүн әрбір келесі бөліктің ерекшелігіне 
айналдырылу кезеңінде басқа барлық бөліктерді өз ерекшелігіне бағын- 
дырады. Бүкіл бүтіндік осындай кезенде озінің осы бөлігінің ерек- 
шелігіне отеді. Мәндері тең бір-біріне тек сырттай ықпал жасайтын 
формадан баскаша ішкі даму процесінің сипаты осындай. Сонымен 
катар сырткы формаларында түпкі субстанциялық болік ге және оның 
богде боліктері де өзінің сыргқы бөліктігін, оқшаулығын сактайды. 
Жоғарыда айтылған даму козге көрінбейтін ішкі жағы.
Бүл козқарас ақылға сиымсыз да корінуі мүмкін. Ең алдымен 
бүтіндік қалыптасқанға дейін ол не нәрсе? Тек бүтін нәрсенің ғана 
не нәрсе екенін айтуға, түсінуге болады. Себебі жоғарыда айтылған- 
дардан шығатын тағы бір корытынды - бүтіндік жок кезде бөліктер 
де жоқ кой, себебі әр бүтіндіктің бөліктері сол бүтіндіктің табиғаты- 
ның ерекше формалары. Олай болмаса, олар тап осы бүтіндіктің 
бөліктері емес.
Бүл қайш ылықтың жүмбағын бүтіндіктің үрығы - оның ең 
алғашқы әлі бөліктерге айкын жіктелмеген түтас бір даму жолынан 
өтуі тиіс бастама форма жөніндегі идея шеше алады. Біздің жоғарыда 
айтқанымыз өзінің жетілген дәрежесіндегі бүтіндік жөнінде. Оған дейін 
ол даму жолын өтеді. Сол жолында өзіндік етене бөліктерін окдіау- 
лап, оларға біршама бөгделік калып береді, олардың әр қайсысының 
баскаларға үқсамайтын озгеше функциясы қалыптасады. Бірақ, әри- 
не, бастапкы форма әлі толыспаған болса да, - бүтіндік. Оның бөліктері 
әлі оз ішінде оқшауланбаған. Даму идеясы, әрине, пайда болған, бірақ 
өзінің калыптасу тарихы әлі алдында түрған бүтіндікке ғана қатысты. 
Ал алғашқы үрыктык форманың пайда болуы дамудың нәтижесі бола 
алмайды. Оның пайда болуы, сөз жок, қажетті қолайлы жағдайда 
бірден болатын акт. Ол қарапайым бүтіндік не бар, не жок, ол тек 
бірден туады, немесе тумайды.
Адамдар белгілі бір табиғат күшін игеріп, озінің адамдык күшіне 
айналдырған, ол өндіріс процесін бастап түтынуға дейін барлық са- 
тылардан өтуі керек. Колік ретінде қолданылатын машина, мысалы, 
енді табиғат күші емес, адамның игерген өз күші.
Бүтіндік пен оның бөліктерінің аркайсысының шын мәнінде 
біз, егер таным процесін мысалға алсақ, тек теориялық деңгейде 
гана жете аламыз. Танымның эмпирикалык дәрежесінде кобіне оның 
сыртқы белгілері жоніндегі білімдер жинақталады. Таным да осы 
эмпирикалык. (тәжрибелік) кезенді аттап, бірден теориялық дөре-
2 1 9


жеге жете алмайды. Эмпирикалық таным сөз жок, тарихи кажет 
саты. Бірақ ол белгілі кезенде теориялық деңгейге өтуі қажет. Сонда 
ғана ол бүтіндіктің шын мәнін түсіне алады. Эмпирикалық дореже- 
де адамдар бүтіндіктің сырткы белгілерін, сыртқы көріну жағынан 
ғана көреді.
Бір тектес қүбылыстардың табиғатының бір екендігін олардың 
сырткы үксастығы аркылы, көзге бірден ілінетін біршама біркелкі 
ерекшеліктерін байкау арқылы көреді. Олардың мәнінің біртүтастығы 
ғылыми үғымдардың бірінен бірі өрбіген нақты жүйесі калыптаскан- 
да ғана айқындалады.
Теория сондықтан білімдердің абстрактылық сыңаржактылык 
емес, керісінше нақтылы деңгейі. Себебі теория белгілі бір бүтіндіктің 
жеке жақтарын бөліп алып, жеке, окдиау карамайды, ол бүтіндікті 
барлық қарама-қайшы жақтарын іштей бірлікте алып карай ала­
ды. Бірақ бүл процесте де бүтіндіктің табиғатын түсіну белгілі бір ке­
зенде бірден, секірмелі процесс түрде туады. Оған да интуиция қажет. 
Бүтіндіктің табиғатын айқындайтын идея жинақталған деректерден 
жәй күрастырыла алмайды. Тек сонан кейін ғана ол идея накты дә- 
режеде өрістей алады. Яғни барлығының негізінде жатқан түпкі 
мәнділік таза логикалық жолда табылатын норсе емес. Ол айрыкша 
дамыған сезімділіктіц көрегендігінен болуы тиіс. Мәнділікті адам 
сезіну аркылы табады, сонан кейін ғана сол мәнділіктің өз табиғаты- 
на сай іштей логикалық жіктеу басталады.-'


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет