(прехождение) деп атауымызға болады. Пайда болуда ештеңе тікелей
түрінде
болмысқа ауысады яғни, болмыспен қатысында берілген, ал
өтуде тікелей болмыс еш теңемен қатысында (яғни ауысуында)
берілген. Осы екі қарама-қарсы бағышталған қозғалыстар калыпта-
суды қүрайды, соның кезеңдері.
Біз, әрине, категорияларды адамсыз және адамнан тыс дүни-
енің озінше болмысының формалары емес, адам мен дүниенің
арақатынасының формалары ретінде қарап отырғандыктан Гегельдің
даму идеясымен түгелімен келісе алмаймыз. Категориялар тек даму-
ды басты күндылыкқа
айналдырған, сол арқылы бүкіл әлемді де тек
даму түрғысынан қарайтын көзқарас үшін гана жетілу, өрлеу жолы-
ның баспалдақтары. Бүлай қараудың белгілі негізі бар екенін айткан-
быз, бірак бүкіл дүниенің үнемі, мәңгі дамуда деу әлі негізделмеген
түжырым. Ол жонінде біз даму такырыбында айтамыз.
Қалыптасу сондыктан тек кана
дамудың шеңберінде болатын
нәрсе емес. Бірак болмыста бар. Оның айтылған мазмүны бүдан жал
пы өзгермек емес. Пайда болу, яғни ештеңеден болмысқа ауысу, және
өту, яғни болмыстан ештеңеге ауысу, олардың жалпы логикалык си-
паттамасы. Ол - әрбір пайда болган, ягни бастамасы бар,
олай болса
аякталатын да кезеңі келетін күбылыстардың ішкі жалпы күрылымы.
Қалыптасу жөнінде Маркс адамның дамуына байланысты айткан.
Оның ойынша келешек коммунистік қатынастар орныққан коғамда
адамдар еркін түлғаларға айналады. Еркін түлғалар (свободная инди
видуальность) ең алдымен өмір сүрудің тікелей мүқтаждыктарынан
азат, олар өздерінің жасампаздық қабілеттерін шындаудың қамдары-
мен ғана өмір кешетін болады. Әрбір кол жеткен тікелей нәтиже тек
тіршілік етуді жеңілдетумен гана емес, ең алдымен адамдык жара-
тымпаздыктың куәсі ретінде бағалы.
Сондыктанда адамдар өз қыз-
метінің нәтижелілігін, әрбір нақты жетістігінен корі шексіз жара-
тымпаздық қалыитасуды ең бағалы нәрсеге айналдырады. Олардың
омірінің шын мәні онда қалыптасудың абсолюттік қозғалысы, яғни
соның белгілі бір нәтижесі емес, сол козғалыстың озі болуға тиіс.
Яғни Маркстің концепциясында
калыптасу болмыстан жоғары
жэне одан бағалы. Әрбір іске асқан форма абсолюттік қозғалыстың,
дамудың өткінші кезеңі ғана. Шын өмір - процесс. Әрине, біршама
орныққан формалардың да өз бағасы бар, олар абсолюттік козғалыс-
тың ішкі мазмүндары мен деңгейлерін сырттай айқындайтын, олар
ды біршама толастықта көрсететін кезендер.
Сонымен бірге адамның
калыптасуының іске асқан, яғни болмыстық формалары олардың өзіне
өзінің рефлексиялық қатынасының бірден бір жолы, тәсілі. Өзін өзінің
сырттай іске асқан формаларынан кору, айқындау - өзінің мәнділік
мазмүнын айқындаудың көрінісі.
133