Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет61/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   296
Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жолмен активтену 
механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысып иммундық 
кешен түзілу керек. 
Иммундық кешендер түзілген жағдайда, иммуноглобулиндердің Fc-
фрагменттері 
ұзындығының 
кішіреюімен 
сипатталатын 
өзгерістер 
басталады. Бұл иммуноглобулин молекулаларының конформациялық 
қайта құрылуының нәтижесі болып табылады, нәтижесінде С1q 
байланысуы үшін белсенді орталық түзіледі. Аталған орталық СН2 
доменінде, иммуноглобулин молекуласының шиыршықты аймағына 
жақын қалыптасады. 
Екіншіден, С1q эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір 
орталықтың болуы жеткіліксіз. Кем дегенде осындай екі орталық және 
олар бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықты болуы тиіс. Бұл ара 
қашықтық 100
0
А (1
0
А=10
-8
см) артық болмауы керек және ол қашықтықты 
«критикалық» деп атайды.
Байланысқан С1q молекуласына С1r суббірлігі, одан кейін С1s 
қосылады. Нәтижесінде эстеразды белсенділігі бар белсенді С1 
молекуласы түзіледі. Ол комплементтің активтенуінің келесі кезеңдерін 
іске қосады. Егер антигенмен байланысқан IgG молекуласының Ғс-
фрагменттері арасындағы ара қашықтық 100
0
А артық болса, С1q 
суббірлігінің эффективті байланысуы болмайды, осының салдарынан 
комплемент жүйесінің келесі кезеңдерінің активтенуін қамтамасыз ететін 
С1 молекуласының «жинақталуы» жүзеге аспайды. Бұл жағдай жиірек 
болуы мүмкін, сондықтан IgG комплемент жүйесінің салыстармалы түрде 
эффективтілігі төмен активатор.
Сарысулық 
IgM молекуласының пентамерлік стереохимиясы 
келесідей: 
оның 
көршілес 
мономерлік 
суббірліктері 
бір-бірінен 
«критикалық» ара қашықтықта орналасқан, яғни IgM молекуласының 
құрылымының өзі С1q эффективті байланысуын қамтамасыз етеді. 
Сондықтан IgM барлық иммуноглобулиндердің ішінде комплемент 
жүйесін классикалық жолмен активтейтін ең қуатты активатор болып 
табылады. 


64 
Активтенген С1 молекуласы жасуша мембранасындағы сәйкес 
орталықтармен байланысады және С4 пен С2 молекулаларының 
активтенуі мен ыдырауын шақыратын каталитикалық орталық қызметін 
атқарады. С4 компоненті 2 фрагментке ыдырайды: С4а және С4b. С2 
компоненті де С2а және С2b фрагменттеріне ыдырайды (9-шы сурет). 
С2 және С4 молекулаларының әрбір жұбы ыдырған жағдайда 
түзілген С4а мен 2b сұйық фазаға өтеді, ал қалған С4b мен С2а 
фрагменттері С4-2 кешенін түзеді. Ол кешен С1 молекуласынан босайды 
да жасуша мембранасымен байланысады. Ал босаған С1 келесі С4 пен С2 
молекулаларын ыдыратады. Осылайша эффект үдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет