Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


субпопуляция ретiнде кездесетiнi әлi дәлелденбеген



Pdf көрінісі
бет108/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

субпопуляция ретiнде кездесетiнi әлi дәлелденбеген. Қазiргi кезде 
көптеген иммунологтар CD8+ субпопуляциясынiң бiр клоны белгiлi 
иммунологиялық жағдайды анықтайтын бiрқатар факторларға байланысты 
(антигеннiң 
мөлшерi, 
енгiзу 
уақыты, 
антигеннiң 
сипаттамасы, 
макрофагтың антигендi таныстыруға қатысуы, иммундық жауаптың 
дамуының ұзақтағы және т.б.) бiрсе Т-киллер, бiрсе Т-супрессор қызметiн 
атқара алады деп есептейдi.
Яғни CD8+ Т-лимфоциттер субпопуляциясы бiркелкi емес. Әртүрлi 
стимулдардың әсерiнен CD8+Т-лимфоциттер немесе Т-киллерге
немесе Т-супрессорға дифференцияланауы мүмкiн. Мысалы, Тх2 
өндiретiн ИЛ-4 әсерiнен Т-киллерлердiң бiраз бөлiгi Т-супрессорға 
айналады. Бұл жасушалардың бетiнде CD8+ нәруызынан басқа CD30+ 
нәруызы (Тх2-жасушасына ғана тән нәруыз, ол Тх1 бетiнде кездеспейдi) 
экспрессиялана 
бастайды. 
Сонымен, 
Т-киллерлердiң 
фенотипi 

CD8+CD30-; ал Т-супресорлардың фенотипi - CD8+CD30+ (Тх1 фенотипi 
- CD4+CD30-; Тх2 – CD4+CD30+). 
Т-супрессорлар (CD8+CD30+) Тх2-жасушалары сияқты ИЛ-4 пен ИЛ-
10 өндiре бастайды. Аталған лимфокиндер көмегiмен CD8+ Т-лимфоцитер 
Тх1 белсендiлiгiн тежейдi, яғни барлық фагоцитарлық және Т-киллерлi 
механизм тежеледi. Нәтижесiнде ИЛ-2 және IFN- өнiмi төмендейдi, бұл 
жағдай CD8+ Т-киллерлердiң түзiлуiн төмендетедi және макрофагтардың 
қызметiн тежейдi. IgM мен IgG (1, 3) өндiрiлуi де төмендейдi. Сонымен 
қатар, CD8+Т-супрессорлармен өндiрiлетiн ИЛ-4 Тх0-жасушасынан Тх2 
түзiлуiне ықпал етедi. Ал жаңадан түзiлген Тх2 қосымша ИЛ-4, ИЛ-10, 
ИЛ-13 және басқа да цитокиндердiң өндiрiлуiне әкеледi. Нәтижесiнде 
каскадты серпiлiс дамуы салдарынан Тх1 түзiлуi тежеледi және олардың 
функционалдық белсендiлiгi төмендейдi. 
Атопиялық аурулар кезiнде CD8+ Т-лимфоциттердiң саны төмендейтiнi 
жоғарыда айтылған. Бiрақ бұл жерде айта кететiн жағдай CD8+ Т-
лимфоциттер iшiнде ИЛ-4 өндiретiн CD8+CD30+Т-супрессорлар мөлшерi 
жоғары, ал CD8+ Т-киллер жасушалар саны бiршама төмен болады (олардың 
түзiлуiн CD8+ Т-супрессорлармен және Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-4, 
10, 13 тежейдi). Сонымен, атопия кезiндегi CD8+жасушалардың жалпы санының 
төмендеуi, цитофилдi иммуноглобулиндердiң өндiрiлуiн төмендететiн Т-
супрессорлардың төмендегенiн көрсетпейдi. Сондықтан атопия кезiндегi Тх2 
қызметiн тежеу арқылы цитофилдi IgE өндiрiлуiн төмендететiн шынайы 
супрессор CD8+ Т-лимфоцит емес макрофаг болады. Себебi, ол ИЛ-12 
көмегiмен Тх1 түзiлуiн жоғарылатады, ал Тх1 өздерiнiң цитокиндерiнiң 
көмегiмен Тх2 түзiлуiн тежейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет