Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


MIP-1α (macrophage inflammatory protein-1α, макрофагалдық қабыну ақуызы-



Pdf көрінісі
бет140/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   296
MIP-1α (macrophage inflammatory protein-1α, макрофагалдық қабыну ақуызы-
1α) - β-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 10 кДа молекулалық салмағы бар. 
Моноциттер/макрофагтар, лимфоциттер, тіндік базофилдермен және стромалық 
жасушалармен өндіріледі. Моноциттер мен Т- жасушаларының көбеюін тежейді.
MIP-1β (macrophage inflammatory protein-1β,, макрофагалдық қабыну ақуызы-
) - β-хемокиндер тұқымдастығына жатады, MIP-1α-ны қоздыратын жасушалармен 
өндіріледі, қызметтері де бірдей.
RANTES (regulated on activation normal T-cell expressed and secreted; қалыпты 
Т- жасушаларының белсенуін, экспрессиясын және секрециясын реттеу) - β-
хемокиндер тұқымдастығына жатады, 10 кДа молекулалық салмағы бар. Т-
лимфоциттер, моноциттер, фибробласттар және кейбір ісіктердің жасушаларын 


150 
өндіреді. Т- жасушаларының (соның ішінде Тх), моноциттердің, В-лимфоциттердің 
және эозинофилдердің хемотаксисін күшейтеді. Базофилдердің ішінен гистаминнің 
босап шығуына (либерациясына) ықпал етеді.
EOTAXIN (эотаксин) - β-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 8-9 кДа 
молекулалық салмағы бар. Эндотелиалды жасушалары, альвеолалық макрофагтары
жүрек, өкпе, ішек, айырша без, көк бауыр, бауыр және бүйрек жасушаларын өндіреді. 
Эозинофилдердің хемотаксисын күшейтеді.
LYMPHOTACTIN (лимфотактин) - α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 
10 кДа молекулалық салмағы бар. Тимоциттер мен белсендірілген Т- жасушаларымен 
өндіріледі. Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді.
NEUROTACTIN 
(fractalkine, 
нейротактин) 

дельта-хемокиндер 
тұқымдастығына жатады, жасуша мембраналарымен байланысты хемокиндердің 
жалғыз түрі. Көбінесе, ми, өкпе және жүрек жасушаларының мембранасында 
экспрессияланады. Эндотелиалды жасушалардың бетінде нейротактиннің жоғары 
деңгейде экспрессиялануы қан ағымынан лейкоциттерді, Т-лимфоциттерді және 
моноциттерді келтіруде зор маңызы бар.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет