Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Балалардағы иммунологиялық көрсеткіштердің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет293/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296
 
Балалардағы иммунологиялық көрсеткіштердің ерекшеліктері 
Өмірдiң алғашқы жылдарында нәрестенiң иммундық жүйенiң жағдайы 
жоғары қозғалғыштықпен сипатталады. Бала туылған кезде қанында 
физиологиялық лейкоцитоз - 12-15х10
9
/л байқалады. Кейін лейкоциттер саны 
төмендейді, 
лимфоциттердің 
пайыздық 
құрамы 
көбейеді 
(барлық 
жасушалардың көбісі лимфоциттердің 35%-і құрайды), түйiршiктердiң саны 
төмендейді. Жасушалардың динамикасын көрсететiн қисық арасындағы 
бірінші қиылысу өмірдің 5-ші тәулігінде болады, екінші қиылысу – 4-5 жаста 
лимфоциттердің меншiктi салмағының төмендеуі және нейтрофилдердің 
көбеюі болады.
Дені сау баланың өзіне тән иммундық жағдайы болады. Кіші жастағы 
балаларда қандағы лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы саны 
ересек адамдарға қарағанда, екі есе жоғары. Осындай лимфоциттердің 
салыстырмалы санының пайызы лейкоциттердiң жалпы санынан 63-69% 
құрайды. Ал абсолюттік 1,75-3,09х10
9
/л тең. 12-14 жастағы балаларда 
лимфоциттер саны ересектер санына жуықтайды және әрi қарай шамалы 
өзгереді. 
Жалпы лимфоциттер санының жартысын Т-жасушалар құрайды, Т-
лимфоциттер (CD3
+
) саны салыстырмалы мөлшері 42-68%-ға, нәрестелердің 
кіндік қанында 1,5 есе төмендеген, бірақ бірінші айыдың соңында Т-
лимфоциттердің саны көбейеді. Жоғары лейкоцитозды ескере отырып, Т-
лимфоциттердiң абсолюттік мөлшерi өзгермейді.


Барлық Т-лимфоциттердің 60%-ы хелперлiк қызметi бар жасушалар 
құрайды және 15%-ын Т-киллер/супрессорлар құрайды. Алты жасқа дейінгі 
балаларда жалпы лимфоциттер санынан Т-хелпер (СD4+) 30-40%-ын және Т-
киллер/супрессор (СD8+) 25-32%-ын құрайды, ал абсолюттік көрсеткішi 
(1,02-1,84х10
9
/л және 0,81-1,52х10
9
/л) тең. 12-14 жаста бұл көрсеткіш 
ересектер көрсеткiшiне сәйкес келеді.
Өмiрдiң 
алғашқы 
жылдарында 
В-лимфоциттердiң 
(CD20
+
)
салыстырмалы саны қанда бiршама төмендеген 21-28%, ал абсолюттiк 
мөлшерi едәуiр жоғары (0,74-1,33), ересектерге қарағанда.
Жаңа туған нәрестелерде анасынан алынған IgG арқасында пассивтi 
иммунитет басым болады, бiрақ өмiрдiң бiрiншi айларында антиденелердi өзi 
түзе бастайды. Өмiрдiң алғашқы жылдарында баланың қанында IgM, IgG 
иммуноглобулин кластарының мөлшерi жоғарылайды, кейiн мөлшерi 
бiршама ғана өзгередi. Жаңа туған баланың кiндiк қанында IgM және IgG, ал 
IgА және IgЕ сирек анықталады. 
Нәрестенің қан сарысуындағы IgM мөлшері ересек адамдардың 
деңгейiнен 10%-ын (0,43 г/л) құрайды. 1-3-шi айдан кейін 60-65% - ке дейін 
көбейеді, ал 1-2 жаста ересек адамның деңгейіне (1,08-1,2 г/л) жетеді. Бірақ 
бұл жаста оның маңызды тербелістері болуы мүмкін. 6-9 жастағы денi сау 
балалардың көбісінде жалпы IgM деңгейi тұрақтанып, ересек адамдардың 
деңгейiне жетедi.
Нәрестенің қан сарысуындағы IgG мөлшері ересек адамдардың 
мөлшерiне сәйкес, бірақ 1-2 айдан кейін бастапқы деңгейiнен 30-40% дейін 
азаяды (5,0-7,5г/л). Содан соң ол біртіндеп көбейеді, 6-шы айында 45%, 8-10 
айында 62%, 6 жаста 90% (10,8-11,0г/л), тек 9-12 жаста ғана ересек 
адамдардың деңгейiне (5,4-16,1 г/л) жетеді. IgG деңгейiнiң қалыптыдан 
ауытқуы иммундық жүйенің жағдайын көрсетеді және қауіпті аурудың 
себепшісі болуы мүмкін. 
Нәрестенің қанындағы сарысулық IgA өмiрдiң алғашқы айларында 
болмайды. Біртіндеп оның мөлшерi көбейеді, ол өмiрдiң бiрiншi жылының 
аяғында ересек кезiндегi осы нәруыз деңгейiнiң 1% (0,06г/л) құрайды. 1-3 
айында ол әдетте 14 % құрайды; 4-5 айында - 28% , 8-24 айында - 40%, 6 
жаста 65% (1,16-1,25г/л) ; 9 жаста - 75% (1,45-1,56г/л) ; 12-13 жаста 90-100% 
(0,9-4,5г/л) ересек адамның деңгейінен ( 15-45 жас).
Секреторлық IgA және SC секреторлық фрагменті жаңа туған 
нәрестелерде болмайды, ол тек нәрестенің сөлінде өмірінің алғашқы 3-ші 
айында анықталады. Сондықтан балаларда жергілікті иммунитеттің 
жеткіліксізідігі кездеседі. Бірақ нәресте секреторлық IgA ана сүті арқылы 
алады, ол көптеген микроағзалардан шырыты қабатын қорғау үшін жергілікті 
иммунитетті туғызады. Жергiлiктi иммунитеттiң толық қалыптасуы 10-12 
жасында аяқталады.
Бір жасқа дейінгі балалардың қан сарысуындағы IgE қалыпты 
мөлшерінің жиынтығы 3,5-4,0 МЕ/мл аспайды.
Балаларда иммундық жүйесінің қалыптасуы кезінде критикалық ауысу 
кезеңдері болады.


Құрсақішілік критикалық кезең жүктіліктің 8-12 аптасы болып 
табылады. Бұл кезде иммундық жүйе мүшелерінің және жасушаларының 
дифференциялануы болады.
Бірінші критикалық кезең -нәрестенің туғаннан кейінгі алғашқы 
күндері. Бұл кезде нәресте ағзасы көптеген антигендермен кездеседі, Т- және 
В-лимфоциттердің функционалдық дисбалансы байқалады және тек IgM 
түзіледі. Фагоциттердің функционалдық белсенділік күшінің әлсіз болуы 
нәтижесінде антигендердің процессингі төмендейді. Бұл кезеңге ағзаның 
шартты-патогенді 
грамтеріс 
флораларына, 
герпес 
вирустарына, 
цитомегаловирустарға 
резистенттілігінің 
төмендеуі 
байқалады 
және 
жайылмалы қабыну үрдістеріне (сепсистік жағдайлар) бейім болады. 
Екінші критикалық кезең – нәресте өмірінің 3-6 айларына сәйкес келеді. 
Бұл кезеңде анасынан берілген антиденелердің ыдырауы нәтижесінде 
пассивтік гуморалдық иммунитеттің нашарлауы. Көптеген антигендерге IgM 
басым түзілуімен біріншілік иммундық жауап дамиды. Иммундық жауаптың 
бұл түрі тұрақты иммунитетті тудырмайды. Балалар парагрипп вирустарына, 
аденовирустарға (пневмония, бронхиолиттерге) сезімтал болып келеді. Бұл 
кезеңде тұқымқуалаушылық иммундық тапшылықтар кездеседі.
Үшінші критикалық кезең – нәресте өмірінің екінші жылында 
байқалады. Көптеген антигендерге IgM түзілісі IgG түзілуіне ауысады. Бұл 
кезде IgG1 және IgG3 топшаларын түзетін В-лимфоциттердің клондары 
дифференцияланады. Осы кезеңге иммундық кешен және аутоиммундық 
аурулардың дамуы тән. Балалар қайталама вирустық және микробтық-
қабыну ауруларына бейім болады. 
Төртінші кезең - өмірдің 4-6-шы жылдары. Бұл кезде қанның формалық 
элементтерінің екінші реттік қиылысуы болады. IgM және IgG деңгейі ересек 
адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бірақ сарысулық IgA деңгейі әлі 
төмен, ал қандағы IgE деңгейі өте жоғары болады. Осы жаста балаларда 
атопиялық, паразитарлық және иммундық кешен аурулары жиі кездеседі. 
Көптеген созылмалы аурулар дамиды.
Бесінші критикалық кезең – жасөсіпірімдік кезең. Бұл кезеңде жыныс 
гормондарының 
өнідірілуінің 
жоғарылауы 
жасушалық 
иммунитеттің 
тежелуіне әкеледі, нәтижесінде созылмалы қабыну, аутоиммундық және 
вирустық аурулардың өршуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет