Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін



Pdf көрінісі
бет142/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін 
клондар  (олардың  саны  басымырақ)  апоптоз  (жасушалардың  жоспар 
бойынша  жойылуы)  нәтижесiнде  жойылады.  Тек  МНС-дің  меншiктi 
нәруыздарына  сай  рецепторлары  бар  клондар  сақталады.  Бұл  Т-
лимфоциттер  керектi  дифференцировка  белгiсiн  алғандықтан  апоптозға 
ұшырамайды  және  ары  қарай  даму  сатысына  өтедi.  Сонымен,  өзiнiң 
организмiнде  жұмыс  iстеуге  қабiлетi  бар  (МНС-рестрикция)  Т-
лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтедi. 
Бұл  үрдіс  оң  сұрыпталу  деп  аталады.  Оң  сұрыпталудан  кейiн 
кортикалды тимоциттердiң шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы 
аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.  
Аталған  жасушалардың  әрқайсысының  немесе  I  класс  МНС 
нәруыздарымен, немесе II  класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабiлетi 
бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезiнде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар 
тимоциттер  CD8  корецепторын  сақтап  қалады,  ал  CD4  нәруызының 
экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллерлердiң фенотипiне ие 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет