Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет152/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Тх1-жасушалары  ИЛ-2  синтездеуiн  жалғастырады  және  IFN-


ИЛ-3  және  хемотаксистi  ынталандыратын  ИЛ-8  өндiре  бастайды. 
Сондай-ақ  гранулоцитарлы-макрофагалдi  колониестимулдаушы  фактор 
(ГМ-КСФ),  iсiкнекроздаушы  фактор    және    (TNF-

  және  TNF-

), 
лейкоциттердiң  миграциясын  тежейтiн  фактор  (ФУМ),  макрофагты 
қаруландырушы 
фактор 
(МАҒ), 
сонымен 
қатар 
дәнекер 
тiн 
жасушаларының  пролиферациясы  мен  фибробласттарда  коллагеннiң 
өндiрiлуiн  жоғарылататын  факторларды  өндiре  бастайды.  Аталған 
лимфокиндер  негiзiнен  жасушалық  түрдегi  иммундық  жауаптың  дамуына 
ықпал жасайды. 
Тх2-жасушалары  Тх1-жасушаларынан  айырмашылығы,  олар  ИЛ-2 
мен  IFN-

  өндiрмейдi,  бiрақ  үлкен  мөлшерде  ИЛ-4  өндiредi.  Сонымен 
қатар, Тх2-жасушалары ИЛ-3, 5, 8, 10, 13 және ГМ-КСФ өндiредi. Қорыта 
келгенде,  ИЛ-3,  8  және  ГМ-КСФ  Тх1  мен  Тх2  үшiн  ортақ  цитокиндер 
екендiгiн байқаймыз. 
 
Тх1 негiзгi қызметтерi 
1.  ИЛ-2 
өндiре 
отырып 
Тх1 
аутокриндi 
пролиферациясын 
ынталандырады, нәтижесiнде осы антигенге қарсы иммундық жауапқа 
қатысатын жасушалар саны көбейедi. 
2.  ИЛ-2  және  IFN-  көмегiмен  Тх1  жасушалық  түрдегi  иммундық 
жауапты  қалыптастырады,  себебi  бұл  цитокиндер  Т-киллерлер  мен 
NK-жасушаларының  (CD8+  және  CD16+)  пролиферациясы  мен 
дифференцировкасын 
ынталандырады, 
олар 
антигендi 
бөгде 
жасушаларға (вируспен зақымдалған, мутантты және iсiк жасушалары, 
бөгде  трансплантат  жасушалары  т.б.)  сәйкесiнше  арнайы  және  арнайы 
емес  цитотоксикалық  әсер  етедi.  Т-киллерлер  мен  NK-жасушалары 
қосымша  IFN-  өндiре  бастайды,  бұл  жағдай  оң  керi  байланыс 
принципi бойынша Тх1 түзiлуiн күшейтедi. 


 
105 
3.  ИЛ-2  және  IFN-  көмегiмен  Тх1  В-лимфоциттердi  пролиферативтi-
дифференцияланушы  белгiсiмен  қамтамасыз  етедi,  нәтижесiнде 
олардың 
антигентәуелдi 
дифференцировкасының 
алғашқы 
кезеңдерiнiң  басталуына  ықпал  жасайды.  Тимустәуелдi  антигендерге 
қарсы  бiрiншiлiк  гуморалдық  жауап  қалыптасады.  Алдымен  ИЛ-2 
әсерiнен  IgM  өндiрiледi,  сосын  IFN-  әсерiнен  комплементтi 
активтеуші IgG (1, 3) өндiрiле бастайды. 
4.  Тх1  өндiретiн  ИЛ-2  мен  IFN-

  Тх2  түзiлуiн  тежейдi,  яғни  олардың 
қызметiн  тежейдi.  Сондықтан  Тх1  Тх2  үшiн  супрессор  болып 
табылады. 
5.  IFN-,  TNF-  ,  ИЛ-8  (хемотаксин)  және  макрофагты  қаруландырушы 
фактор,  ИЛ-3,  ГМ-КСФ,  макрофагтардың  миграциясын  тежейтiн 
фактор  және  басқа  да  цитокиндердiң  көмегiмен  макрофагтардың 
мобилизациясы  мен  белсенуiн  шақырыды.  Нәтижесiнде  фагоцитарлы 
иммундық  жауап жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет