Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет188/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   459
ИНТЕРЛЕЙКИН–10  (адамның  хромосомаларының  1-жұбы).  1989 
жылы  Тх1  активтілігінің  ингибиторы  ретінде  бейнеленген.  Молекулалық 
салмағы 35 000 – 40 000 Д құрайды. Негізгі өндіруші жасушалары ретінде 
Тх2,  сонымен  қатар  В-лимфоциттер,  макрофаг/моноциттер  (антигендер 
мен 
бактериалдық 
өнімдерімен 
қоздырылу 
нәтижесінде) 
және 
цитотоксикалық Т- жасушалары қызмет етеді.   
ИЛ-10  негізгі  эффектісі  ИЛ-2  мен  IFN-γ  өнімін  төмендету  арқылы 
Тх1  қалыптасуын  және  белсенділігін  тежеу,  Тх1  мен  NK  – 
жасушаларының  цитокиндерінің  өнімін  басу  (басқаша  айтқанда,  IFN-γ-ға 
қарама қайшы әсері бар, иммундық жауапты баяу жоғары сезімталдықтан 
гуморалдық 
жолға 
түсіреді) 
және 
макрофагтардың 
белсенділігін 
төмендетеді,  сонын  ішінде  қабыну  цитокиндерiнiң  өнiмiн  (ИЛ-1,  6,  8, 
МТФ,  TNF-α  және  Тх1  дамуын  шақыратын  активтелген  макрофагтармен 
өндірілетін  ИЛ-12)  тежейдi.  Осыған  байланысты  ИЛ-10  негізгі  қабынуға 
қарсы  цитокин  болып  келеді.  Әр  түрлі  індеттерден  организмді  қорғайтын 
Тх1 азаюы қоздырғыштардың көбеюіне алып келеді.  
Кейбір  вирустарда  (Эпштейн-Барр  вирусы  сияқты)  ИЛ-10  аналогын 
негіздейтін  тектері  табылған.  Сол  себептен  иммундық  жауаптың 
белсенділігі  төмендейді.  Вирустық  ИЛ-10  IFN-γ  синтезін  төмендетіп 
макрофагтардың  белсенділігін  басады.  Басқаша  айтқанда,  ИЛ-10-ға  ұқсас 
Эпштейн-Барр 
вирусының 
цитокины 
бұл 
вируспен 
зақымдалған 
жасушаларына  қарсы  Т-лимфоциттердің  жауабын  әлсіздендіреді,  індеттің 
нысаналарын көбейтеді.  
ИЛ-10  МНС  II-ші
 
клас  молекулаларының    экспрессиясын, 
митогендермен  қоздырылған    Т-  жасушаларының  пролиферациясын  және 
баяуланған жоғары сезімталдықтың дамуын тежейді. Сонымен қатар,  ИЛ-
10 тимоциттердің көбеюіне қатысатын ИЛ-2 мен ИЛ-7 кофакторы ретінде, 
ИЛ-4  синергисті  ретінде  жұмыс  атқарады,  В-  жасушаларының  көбеюін 
күшейтеді,  оларды  апоптоздан  қорғайды,  IgМ  мен  IgA  синтезін 
жоғарылатады.  
Қорытып  айтқанда,  ИЛ-10  иммундық  жауаптың  гуморалдық 
негіздерін  дамытады,  гельминттерге  қарсы  қорғаныс  пен  организмнің 
аллергиялық  реактивтілігін  қамтамасыз  етеді.  ИЛ-10  макрофагтар  мен 
Тх1  активтілігін  басатын  Тх2  кейбір  биологиялық  эффектілерін 


 
138 
қамтамасыз  ететін  иммундық  жауаптың  маңызды  реттегіші  болып 
табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет