Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет193/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   459
ИНТЕРЛЕЙКИН-15.  Макрофагтар  өндіреді.  Биологиялық  әсері 
бойынша, құрылымдары гомологиялы болмаса да, ИЛ-2 және ИЛ-21 ұқсас,  
қоздырылған 
Т- 
жасушаларының 
көбеюін, 
цитотоксикалық 
Т- 
жасушаларының  пісіп  жетілуін  қолдайды,  NK-  жасушаларын  активтейді 
және  шеткері  қанның  митогенмен  қоздырылған  мононуклеарлық 


 
140 
жасушаларының  көбеюін  шақырады.  ИЛ-15-тiң  in  vivo  орындалатын 
эффектiлерi  толық зерттелмеген.  
ИНТЕРЛЕЙКИН-16  (немесе  лимфоциттердің  хемоаттрактанты).  Т-
лимфоциттермен,  көбінесе  CD8

-  жасушаларымен  өндіріледі.  ИЛ-16 
рецепторы  CD4  тұқымдастығына  жатады,  сол  себептен  ИЛ-16  CD4-пен 
әсерлесе  алады.  Оның  негізгі  нысанасы  -  CD4

-  жасушалары.  ИЛ-16 
оларға    хемоаттрактант  ретінде  қызмет  көрсетеді,  олардын  адгезивтігін 
жоғарылатады,  көбеюін  тежейді,  сонымен  қатар,  CD25  экспрессиясын 
және цитокиндердің өндірілуін күшейтеді.  
Сонымен  қатар,  ИЛ-16  Т-  жасушалары  ИЛ-2-рецепторын  және 
қоздырылмаған 
Т-лимфоциттер 
МНС 
II 
класс 
антигендерін 
экспрессиялауын күшейтедi.   
 
ИЛ-16-ның  анти-АИВ-белсенділігі  бар  екені  жақында  дәлелденді. 
Бұл эффект CD4 ақуызы рецептор ретінде ИЛ-16-мен әсерлесе алатынына 
байланысты.  ИЛ-16  жоғары  концентрацияда  CD-4  лимфоциттермен 
байланысқан АИВ репликациясын тежейді.  
ИНТЕРЛЕЙКИН-17.  Бұл  да  Т-  жасушаларымен  өндіріледі. 
Көрсететін  әсері  ИЛ-6  мен  ИЛ-8  өнімін,  адам  фибробласттарында 
адгезияның  беткері  молекулаларының  экспрессиясын  жоғарылататын  ИЛ-
1  мен  TNF-α  әсеріне  ұқсас.  ИЛ-17  –  Т-  жасушаларды  белсендiретiн,  
жақында  клондалынған  CD4-  жасушалық  цитокин.  ИЛ-17-рецепторы  Т- 
жасушаларда  ғана  емес  иммундық  жүйеге  қатысы  жоқ  жасушаларда  да 
табылған.  ИЛ-6  мен  ИЛ-8  өнімін,  фибробласттар  адгезиясын  беткері 
молекулаларының  экспрессиясын  жоғарлататындығы  ИЛ-17  қабыну 
цитокині  сияқты  қызмет  көрсетеді  дегенді  дәлелдейді.  Сонымен,  ИЛ-17 
Т-тәуелді 
қабыну 
реакцияларға 
қатысады 
және 
гемопоэтикалық 
бағаналылардың дамуын реттейді.  
ИНТЕРЛЕЙКИН-18. 
Алғашында 
IFN-γ 
индукторы 
ретінде 
табылған.  Тх1  белсенділігін  жоғарылататын  жаңа  цитокин.  ИЛ-18  Fas-
лигандалар  арқылы  тышқанның  Тх1  (Тх0  немесе  Тх2  емес)  клондарының 
цитоулағыштығын  жоғарылататыны  кейінiрек  дәлелденді.  ИЛ-18  in  vivo 
әсерлері толық зерттелмеген.  
ИНТЕРЛЕЙКИН-19.  Молекулалық  салмағы  -  35-40 000  Д. 
Липополиқанттармен  белсендірілген  моноциттер  мен  В-лимфоциттермен 
өндіріледі.  ИЛ-10  цитокиндік  тұқымдастығының  өкілі  болып  табылады. 
Қышқылдауыш  серпілістерді  және  апоптозға  алып  келетін  қабынулық 
цитокиндерді күшейтеді; бұл цитокин Тх1/Тх2 балансын IFN-γ тежеу және 
ИЛ-4 пен ИЛ-13 көбейту бағытына қарай өзгерте алады. 
ИНТЕРЛЕЙКИН-20. 
Молекулалық 
салмағы 
– 
18 
000 
Д. 
Моноциттер  және  кератиноциттермен  түзіледі.  Өзінің    белсенділігін 
эпидермалдық  тінде  көрсететін  ИЛ-10  тұқымдастығының  өкілі.  Тх1/Тх2 
балансына ИЛ-19 сияқты әсер ете алады. 
ИНТЕРЛЕЙКИН-21.  15  000  Д  аралығында  молекулалық  салмағы 
бар  полипептид.  ИЛ-21  мен  ИЛ-21R  цитокин-рецепторлық  жұбы 
клондалған.  ИЛ-2,  ИЛ-4  және  ИЛ-15-термен  гомологиялы.  Тек  қана 
лимфоидтық  тінге  жататын  көк  бауырда,  айырша  безде,  шеткері  қанда 
лимфоциттерде  және  лимфа  түйіндерінде  өндіріледі.  ИЛ-21  рецепторы 


 
141 
шеткері 
В-лимфоциттер,  Т-  және  NK-  жасушаларының  бетінде 
экспрессияланады.  
ИЛ-21  ИЛ-15-пен  әсерлесiп  NK-  жасушаларының  гемопоэзі  мен 
пісіп 
жетілуіне, 
анти-CD40-пен 
костимуляцияланған 
жетілген 
В- 
жасушаларының 
активациясына 
және 
көбеюіне 
анти-CD5-пен 
костимуляцияланған  Т-  жасушаларының  көбеюіне  қатысады.  ИЛ-21  мен 
ИЛ-15  құрамында  бірдей  позицияда  цистеин  қалдықтарының  2  жұбы  бар: 
біреуі –ИЛ-2, 4 пен ГМ-КСФ сақталады, екіншісі - ИЛ-21 мен ИЛ-15 қана 
тән. Осы аминқышқылдық гомологиясының күштi болғандығынан,  ИЛ-15 
пен ИЛ-21 құрылымдары өте ұқсас.  
ИЛ-21  өз  бетімен  адамның  оқшауланған  В-лимфоциттеріне 
митогендік  әсер  келтіре  алмаса  да,  олардың  анти-CD40  моноклоналдық 
антиденелермен  қоздырылған  пролиферациясын  күшейте  алады.  Және, 
керсінше,  ИЛ-21  анти-IgM-антиденелері  мен  ИЛ-4  комбинациясымен 
шақырылған пролиферацияны тежейді. Сонымен қатар, ИЛ-21 жетілген Т- 
жасушаларын  емес  “аңқау”  Т-  жасушаларын  костимуляциялайды.  ИЛ-21 
анти-CD3  немесе  басқадай  стимулдарсыз  Т-  жасушаларына  белсенді 
пролиферативті әсер келтіре алмайды.  
Активтелген 
CD4
+
-Т- 
жасушаларының 
өздері 
де 
ИЛ-21 
өндіретіндігінен,  бұл  цитокиннің  Т-хелперлердің  кең  таралуын  шақырып 
көршілес  В-  жасушаларының  келісті  жауабын  шақырып,  иммундық 
жауапты реттеуде  аутокриндік маңызы бар.  
ИЛ-21  қатерлі  трансформацияланған  жасушаларға  иммунологиялық 
бақылауды  атқаратын  NK-  жасушаларының  көбеюі  мен  таралуына 
қатысады, сондықтан метастазалардың пайда болуына әсерi бар. Сонымен 
қатар, NK- жасушалары микробтық патогендерге, соның ішінде вирустарға 
қарсы туа біткен иммунитеттің негізі; гемопоэзді реттеуге қатысады.  
Сонымен,  клондалған    ИЛ-21  цитокины  жетілген  Т-және  В  –
лимфоциттердің  қоздырғыш  стимулдарға  жауап  ретінде  орын  алатын 
пролиферацияларын  реттейді,  сүйек  кемігінен  NK-жасушаларының 
популяциясы  таралуына  делдалдық  қызмет  көрсетеді,  қортып  айтқанда, 
иммун жүйесінің маңызды реттеушісі болып келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет