Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Эмбрионалды  сульфогликопротеин



Pdf көрінісі
бет219/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   459
Эмбрионалды  сульфогликопротеин    асқазан  шырышты  қабатының 
қатерлi  өзгерген  жасушаларында  байқалады,  ал  Н-цитокин  асқазан-iшек, 
сүт  безi,  өкпе,  қуық  асты  безi,  қалқанша  без,  лимфогранулематоз  сияқты 
қатерлi  iсiгi  бар  аурулардың  қан  сарысуында  анықталады  және  ол  жүктi 
әйелдердiң қан сарысуында табылған. 
Реган  фосфатазасы  қатерлi  өкпе  және  асқазан-iшек  жолдары 
iсiгiнде  10-20%  жағдайда  болады.  Бұл  фермент  плацентаның  сiлтiлi 
фосфатазасымен  бiрдей,  ол  плацентамен  түзiледi  және  жүктi  ана  қанында 
кездеседi. 
Тәжiрибелi  зерттелуде  жануарлар  қатерлi  iсiктiң  жасушаларында, 
шақыру  тәсiлiне  қарамастан  (әртүрлi  онкогендi  вирустар,  химиялық 
канцерогендер, 
сәулелену), 
бiрнеше 
рак-эмбрионалды 
антигендер 
табылған.  Бұл  антигендердiң  қатерлi  жасушаларда  пайда  болуы  маңызды 
және  ол  iсiктегi  эмбрионалды  гендердi  жаңартып,  жұмыс  iстеуiн 
айқындатады. Бұл гендердiң  тежелуi  вирус геномымен шақырылады  және 
жасушаға 
химиялық, 
физикалық 
канцерогендердiң, 
гормондардың 
әсерiмен туындайды. 
Сөйтiп,  қатерлену  кезiнде  iсiк  жасушаларында  екi  үрдiс  бiрдей 
жүредi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет