Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет300/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Тх2  ИЛ-4  және  GTF-

  (ауыстыратын  өсу  факторы  )  әсерiнен 
шырышты  қабатта  түзiлетiнi  белгiлi.  ИЛ-4  негiзгi  көзi,  мес 
жасушалары  болып  табылады,  бұл  цитокиндi  аздаған  мөлшерде  Тх0 
өндіреді. Шырышты қабаттың эпителий жасушалары GTF- өндіреді.  
Қалыпты жағдайда Тх2 мөлшерi жалпы шеткi лимфоциттердiң 2-4% 
құрайды, ал атопиялық аллергиямен ауыратын  науқастарда оның саны 20-
40%  дейiн  ұлғаяды.  Науқастың  қанында  ИЛ-4  деңгейi  жоғарлайды,  ал  ол 
IgМ және IgG (1, 3)-тiң түзiлуiн мес жасушалар мен базофилдерге бiрiншi 
кезекте  жабысатын  IgE  және  IgG  (2,  4)-тiң  түзiлуiне  ауыстырады.  Мұнда 
атопиялық  аллергияның  сенсибилизация  үрдiсiнiң  жасушалық  деңгейiнiң 
түп мәнi жатыр. Бiрақ өзiндiк аллергиялық серпiлiс әлi пайда болмайды.  
Аллерген  сезiмтал  ағзаға  қайта  түскенде  ол  мес  жасушаларға 
жабысқан  IgЕ-нiң  Fab  фрагментiмен  байланысады.  Антиген-антидене 
байланысуы  кезiнде  IgЕ  молекуласында  құрылымдық  қайта  құрылу 
жүредi, ол әрі қарай Fc-фрагментiне де жайылады (30-шы сурет).  
 


 
215 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет