өндiрiлуiн реттейдi.
Бiрiншiден, олар мес жасушалар мен базофилдердiң дегрануляциясын тежейтiн бiрнеше факторларды өндiредi. Екiншiден, эозинофилдер ББЗ- ды бiрқатар, бiрiншi
кезекте
гистаминаза, арилсульфатаза ферменттердiң қатысуымен ыдыратады.
Дегрануляция кезiнде IgЕ үшiн арналған Fc-рецепторы арқылы
эозинофилдер көп мөлшерде ББЗ бөледi.
Солардың iшiнде липидтер туындысы, бронх және қан тамыр
тарылтатын, бронхтарды iсiндiретiн, шырыш өндiрудi көбейтетiн және
тромбоциттердiң агрегациясына қатысатын, мес жасушалары мен
эозинофилдердiң белсендiлiгiн арттыратын бiрiншiден, тромбоциттердi белсендiретiн факторлар. Липид туындысының басты тобы арахидон қышқылының өнiмдерi– простагландиндер мен лейкотриендер болып саналады.
Эозинофилдер бөлетiн лейкотриен С4 бронх және қан тамырдың
тарылтуымен қоса, тамыр өткiзгiштiгiнiң жоғарлауын тудырады.