Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Анафилаксиялық шоктың патогенезi



Pdf көрінісі
бет316/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Анафилаксиялық шоктың патогенезi 
Аллергендi  парентералды  енгiзген  жағдайда,  патогенезi  бойынша 
гиповолемиялық  шокқа  ұқсас,  анафилаксиялық  шок  дамуы  мүмкiн.  Бұл 
кезде қан қысымының күрт төмендеуi, тегiс салалы бұлшықеттердiң қатты 
жиырылуы  байқалады,  ал  ол  болса  тыныс  алу  жолдары  мен  жүрек-қан 
тамырларының  жеткiлiксiздiгiне  әкеледi,  көмей  аймағындағы  iсiнуi, 
науқастың  тұншығып,  жағдайының  нашарлауына  әкеледi.  Жүйелi 
анафилаксиялық  серпiлiстiң  себебi  көбiне,  дәрiлiк  заттардың  қайта 
енгiзiлуi  (антибиотиктер,  вакциналар,  сарысулар,  қан  алмастырғыштар, 
анестетиктер және т.б.) және жәндiктердiң шағуы болып болады.  
Кең  тараған  дәрiлiк  аллергеннің  мысалы  пенициллин  болып 
саналады,  ол  гаптен  ретiнде  ағзаның  өз  нәруыздарының  амин  тобымен 
байланысып,  кешендiк  антиген  түзедi.  Пенициллинмен    байланысқан 
ағзаның  өз  нәруыздары  кейбiр  адамдарда  гиперергиялық  гуморалдық 
иммундық жауап туғызады. 
Анафилаксиялық шок тудыратын басқа дәрiлiк  заттарға анестетик  – 
новокаин және витаминдер жатады. 
Анафилаксиялық  шоктың  патогенезi  атопияның  патогенезiне  
қарағанда күрделiлеу, ол екi иммунологиялық механизiмдi iске қосады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет