4. Балаларда кездесетiн транзиторлық гипогаммаглобулинемия (баяу иммундық старт) Иммундық тапшылықтың бұл түрi 5-8% нәрестелерде анықталады, ол
нәрестелерде иммундық жүйенiң баяу дамуымен негiзделген. 2-5 айлық
жастағы жиi сырқаттанатын нәрестелерде анықталады. Көбiнесе, жиi
өршiмелi iрiңдi аурулар, оның iшiнде бүйректiң және жоғары тыныс
жолдарының пиогендiк жұқпалары кездеседi.
Өмiрдiң алғашқы айларында анасынан трансплацентарлық жолмен
берiлген антиденелер, элиминацияланады, ал өзiнiң антиденелер түзiлiсi
әлi қалыптаспаған. Антиденелердiң тапшылығы нәтижесiнде жұқпалы
ауруларға жиi шалдығады. Бұл физиологиялық құбылыс, арнайы
иммунотерапиясыз нәресте өмiрiнiң екiншi жылының соңында жойылады.
Өзгермеген лимфа түйiндердiң пальпациясы, бадамша бездердiң қалыпты
жағдайы гипогаммаглобулинемия диагнозына қарсы келедi.