Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Лимфоциттер генезi. иммундық  бақылау концепциясы



Pdf көрінісі
бет37/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Лимфоциттер генезi. иммундық  бақылау концепциясы. 
Иммундық жауап 
 
Жұқпалы емес иммунологиядағы жетiстiктер Ф.Бернетке иммунологиялық 
бақылау концепциясын ашуға мүмкiндiк бердi. 
Иммунологиялық бақылау концепциясының мәнiсi, иммундық жүйе ағзаның 
iшкi гомеостазының генетикалық тұрақтылығын қадағалауын қамтамасыз етедi.  
Қанда  В-лимфоциттер  сүйек  кемiгiнен  шеткi  мүшелерге  «барар 
жолында»  кезiнде  анықталады.  В-лимфоциттердiң  iзашарлары  сүйек 
кемiгiнен  шығып,  қан  арқылы  иммунитеттiң  шеткерi  мүшелерiнiң  В-
аймақтарына  келедi.  Бұл  аймақта  антигендермен  әрекеттесу  нәтижесiнде 
толық пiсiп-жетiледi. Жетiлген В-лимфоциттер аз қозғалмалы жасушалар, 
сондықтан  олар  шеткi  қанға  аз  мөлшерде  шығады.  Шеткi  қанда  В-
лимфоциттердiң  жалпы  мөлшерi  барлық  лимфоциттердiң  20-30%-ын 
құрайды.  
Т-лимфоциттердiң  iзашарлары  сүйек  кемiгiнен  шығып,  қан  арқылы 
алдымен тимустың қыртыстық аймағына орналасып, кейiн милық қабатқа 
өтедi  (тимуста  антигенге  тәуелсiз  дифференциялануының  белгiлi 
кезеңдерiнен  өтедi).  Тимустан  шыққан  Т-лимфоциттер  иммунитеттiң 
шеткi  мүшелерiнiң  Т-аймақтарына  келiп,  бұл  аймақтарда  В-лимфоциттер 
сияқты  антигенге  тәуелдi  дифференцияланудан  өтедi.  Бiрақ  В-
лимфоциттерден 
айырмашылығы, 
жетiлген 
Т-лимфоциттер 
өте 
қозғалмалы  жасушалар,  сондықтан  олар  шеткi  қанға,  интерстиналдық 
кеңiстiкке, лимфа түйiндерiне, лимфа ағымына, шеткi қанға шығып, қайта 
шеткi  мүшелерге  қайтып  келедi  де,  қайтадан  қанға  шығады  және  т.с.с. 
яғни, Т-лимфоциттер ағзада айналым жасап отырады және ағзада тәулiгiне 
5-20  айналым  жасайды.  Лимфоциттер  генезі  және  де  лимфоциттердің 
миграциясы мен рециркуляция үлгісі 2-ші суретте көрсетілген.  
Т-лимфоциттердiң  мұндай  қайталама  жылжуын  Т-лимфоциттер 
рециркуляциясы деп атайды.  
Қалыпты  жағдайда,  шеткi  қандағы  Т-лимфоциттердiң  мөлшерi 
барлық шеткi лимфоциттердiң 60-80% құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет