механизмдердің бұзылу салдарынан гиперергиялық серпілістердің (аллергиялардың) дамуы, немесе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуы салдарынан аутоиммундық патологияның дамуы мүмкiн. Сондықтан екiншiлiк иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiгi бар адамдарға
вакцинация жүргiзуге болмайды. Сондай-ақ созылмалы жұқпалар кезiнде
үнемi иммундық жетiспеушiлiк болатынын естен шығармау керек. Себебi,
жұқпалы аурудың созылмалы түрде өтуiнiң өзi ағзада иммундық
жетiспеушiлiктiң бар екендiгiн көрсететiн белгі, ал бұл жағдай өз кезегiнде
иммундық жүйенi әлсiретедi және иммундық жетiспеушiлiктi тереңдете
түседi.
Жоғарыда келтiрiлгендердiң барлығы ағзада созылмалы жұқпалы ошақ бар адамдарда вакцинацияны аса сақтықпен жасау керек екендiгiн дәлелдейдi. Аутоиммундық патологиясы бар науқастарда иммунизацияны
жүргiзуге болмайды, себебi аутоиммундық үрдіс күшеюi мүмкiн. Мұндай
науқастарға иммунизацияны өте керек жағдайларда және максималды
сақтық шараларын ескере отырып жүргiзген дұрыс.
Кейбiр жағдайларда вакцинациядан кейiн парадоксалды серпілістер болуы мүмкiн. Ол вакцинация нәтижесiнде табиғи жұқпаның күшеюiмен
сипатталады. Ол аурудың жасырын кезеңiнде жүргiзiлген вакцинациядан
кейiн болатын уақытша иммунды супрессия әсерiнен болуы мүмкiн. Бiрақ
парадоксалды серпілістер инъекциялар арасындағы үзiлiс ұзақ болған
жағдайда, әсiресе тыныс жолдары ауруларының қоздырғыштарына қарсы өлi
вакциналарды қолданған жағдайда да байқалады. Бұл құбылыстың тетігі әлi
анықталмаған. Оның негізінде гуморалды түрдегi екiншiлiк иммундық жауап
кезiндегi иммундық кешенді серпілісі жатуы мүмкін деген болжам бар.
Гипериммунизация
кезiнде
жануарлардың
ағзасында
иммундық
кешендердің
жинақталуы
байқалады,
нәтижесiнде
васкулит,
гломерулонефрит және амилоидоздың дамуы мүмкін. Адамда мұндай
серпілістер
байқалмаған,
бiрақ
антигендi
жиi
енгiзу
арқылы
гипериммунизацияны шақыру мүмкiншiлiгiнен қашу керек, сол себептен де
иммунизация
жүргiзу
күн
тiзбелiк
жоспардан
ауытқымау
керек.
Экспериментте және клиникада тiрi вакциналарды немесе адъюванттарды
қолданған жағдайда аутоиммунды аурулардың дамуы байқалған. Бұл жағдай
аутореактивтi клондардың белсенуімен жүретiн поликлонды ынталану
әсерiнен дамуы мүмкiн деген болжамды тетіктер арқылы түсiндiруге болады.
Тазарту тәсiлдерiн біршама жетiлдiргенге қарамастан кез-келген
жұқпалы материалда (тiрi вакциналарда) өсiру үшiн қолданған қоректiк
ортаның қалдығы (овальбумин, пептон, антибиотиктер, инактиваторлар,
стабилизаторлар) қалып қояды. Олар аллергиялық серпілістерді шақыруы
мүмкiн.
Соңғы кезде вакцинаны дайындау үрдісі кезiнде (мысалы, қоректiк орта
ретiнде ет-пептонды сорпаны қолданғанда), вакциналық материал прионмен ластануы мүмкiн екендiгi анықталды. Ол жүйке тiндерiнде дегенеративтi
үрдістерді шақырады.
Биотехнологияның
жаңа
әдiстерi
бойынша
өндiрiлiп
жатқан
вакциналардың жаңа буынын дайындау арқылы ғалымдар аталған жағымсыз
әсерлердi азайтуға немесе оларды мүлдем болдырмауға тырысуда.