басқа маңызды түрiне экзогендiк гаптендердiң (дәрi-дәрмек,
олардың
метаболиттерi,
тұрмыстық,
өнеркәсiптiк,
ауыл
шаруашылық
өнiмдерi,
тағамдық
бояулар,
консерванттар, тұрақтағыштар және т.б.) ағзаның өзiнiң тасымалдаушы – нәруызымен әрекеттесуi нәтижесiнде түзiлген антигендер жатады.
Осындай кешендiк антигендер ағзада бөтентектi гаптендерге қарсы
антиденелер түзiлiсiн шақырады, бұл жағдай аллергиялық серпiлiстiң
(аллергияның тағамдық дәрiлiк және т. б. түрлерi) пайда болуына, ал
кейде аутоиммундық үрдiстердiң (бауыр циррозына әкелетiн токсикалық
гепатит) өршуiне әкеледi.
Кешендi антигендердiң екi негiзгi түрлерi үшiн «өзiнiкi» + «бөтендiкi» қосындысы деген сипаттама тән.