Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет59/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Түр-аралық  арнайылық  жануарлардың  қай  түрге  жататындығына, 
олардың  генетикалық  конституциясына  байланысты,  яғни  бұл  ерекшелiк, 
әр  түрге  жататын  ағзалардың  бiр-бiрiнен  айырмашылығын  көрсетедi.  Түр-
аралық  арнайылыққа  қандай  да  болса  арнайы  антигендер  емес,  ағзада 
кездесетiн    көптеген  заттар  ие  бола  алады.  Өзара  жақын  түрлерiнде  ұқсас 
түр-аралық 
арнайылық 
антигендерi 
бар, 
ал 
алшақ 
түрлерiнiң 
антигендерiнде – көп айырмашылықтары болады. 
 
Типтiк  арнайылық  –  түр-аралық  арнайылық  секiлдi  ұғым,  бiрақ 
микроб  түрлерiне  қатысты  қолданылады  (серологиялық  варианттары-
сероварлар, бiр түрдiң iшiндегi антигеноварлар анықталады). 
 
Топтық антигендiк арнайылық – даралардың бiр түрiнiң iшiндегi 
әр-түрлi  топтардың  ерекшелiгi.  Мысалы  ретiнде,  адам  эритроциттерiнiң 
изоантигендiк  жүйесi  жатады,  олар  15-тен  астам,  ал  құрамына  100 
шамасында  антигендер  кiредi;  олардың  негiзгiсi  қан  тобындағы  АВО 
жүйсенiң  изогемагглютиногендерi.  Лейкоциттердiң  изоантигендiк  жүйесi 
(HLA), мүшелер мен тiндердiң ауыстырып салуында маңызды орын алады, 
ол  антигендердiң  гистосәйкестiк  жүйесi  деп  аталады.  Ағзаның  мүшелерiн 
ауыстырып  салғанда  (трансплантация)  күштi  гистосәйкестiк  антигендердiң 
минималды  айырмашылығына  негiзделiп,  сәйкес  донор  мен  реципиент 
таңдалады.  Гранулоциттердiң  және  тромбоциттердiң  изоантигендiк  жүйесi 
гемотрансфузия мен трансплантация кезiнде маңызы бар. Изоантигендердiң 
болуы  ағзаның  түрiшiлiк  жеке  дара  ерекшелiктерiнiң  дәлелi  болып 
табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет