Тiндiк арнайылық – бiр ағзаның әр түрлi тiндерiндегi антигендiк
айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендерi).
Сатылық арнайылық- әр даму сатысында тұрған жасушалардағы
антигендiк айырмашылығы. Мысал ретiнде, эмбрион антигендерiн (α-
фетопротеин немесе сүйек кемiгiнiң бағаналы жасушаларында және В-
лимфоциттердiң барлық дифференциялану кезеңдерiнде болмайтын
плазмалық жасушалардың антигенi – РС-антигенiн) алуға болады. РС-
антигенi, тек антидене түзу кезiнде плазмалық жасушаларда пайда болады.