45
лимфоциттердiң
жетілгендігін
көрсетеді.
Сонымен
қатар,
В
2
-
лимфоциттердің бетінде барлық иммуноглобулиндердің кластарына
жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В
2
-лимфоциттер кез-
келген антигенге қарсы (тимустәуелді және тимустәуелсіз) жауап
қайтарады және барлық иммуноглобулиндерді синтездей алады, ол –
екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады.
В
2
-лимфоциттер тек иммуноглобулиндер синтездейтiн плазмалық
жасушаларға айналмайды, сонымен қатар олар антиген жайлы хабар
сақтай алатын
еске сақтаушы В-лимфоциттерге де айналады.
Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер
көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В-лимфоциттер
клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделiнедi.
В
2
-лимфоциттер
кезеңінде
антигентәуелді
дифференциялану
нәтижесінде, белгілі
антигенге әсер көрсетуші В-лимфоциттер клонының
әр
қайсысының
ішінде
кезекпе-кезек
иммуноглобулиндердің
молекулаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуы
соңында,
В
2
-лимфоциттердің негізгі төрт тобы пайда болады: β, β, β,
β; олар IgM, IgG, IgE, IgA-ң синтезделiнуiмен секрециясын жүзеге
асырады.
Дифференциялану кезiнде бiрiншi болып бетінде IgD және IgM
орналасқан В
2
-лимфоциттер тобы пайда болады, кейін олар M
иммуноглобулинды сыртқа синтездейдi.
Содан
кейін,
дифференциялану
кезiнде
гендердің
алмасуы
нәтижесінде бетінде IgD және IgG бар В
2
-лимфоциттер тобы құрылады,
олар берілген антигенге қарсы IgG синтездейдi. Үшінші болып - бетінде
IgD және IgE бар, IgE синтездейтiн В
2
-лимфоциттер тобы құрылады; ал еің
соңғы төртінші топқа - бетінде IgD және IgA бар В
2
-лимфоциттер кiредi,
олар IgA түзуші плазмалық жасушаларға айналады.
В
2
-лимфоциттер бетiндегі IgD тек мембранамен байланысқан түрінде
болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммуноглобулин
әсері толық зерттелмеген, бірақ В-лимфоциттердiң бетінен алынып
тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер ету қабілеті
төмендейтіндігі эксперимент түрінде дәлелденген.
Сөйтіп,
организмге кез-келген антиген түскенде (тимустәуелді және
тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші IgM
синтезделiнедi, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері
IgG, IgE, IgA синтезделiнедi, бұл организмнің тіндері мен мүшелерінің
эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: